07.09.2026
2026 жылғы тамыз айындағы «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ жұмысының қорытындысы

2026 жылғы тамызда Қазақстан машина жасаушыларының одағы саланы дамыту, отындық кәсіпорындарды қолдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ өндірістік белсенділікті ынталандыруға және кооперацияны кеңейтуге бағытталған бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырды.


АЙДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ


14, 21, 25 және 27 тамыз

Қазақстан машина жасаушыларының одағы «Самұрық-Қазына» портфельдік компанияларының сатып алуларына қазақстандық кәсіпорындардың қатысу мәселелеріне арналған бірқатар дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстелдер «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Атамекен» ҰКП, «QazIndustry» АҚ, «QazCloud» ЖШС және отандық өндірушілер өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ алаңдарында өтті.

Кездесулер барысында қазақстандық кәсіпорындардың «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының сатып алуларына қатысуы, ел ішіндегі құндылықты дамыту, импортты алмастыру мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері, сондай-ақ отандық өндірушілердің ірі компаниялардың сатып алуларына қатысуына кедергі келтіретін негізгі мәселелер талқыланды.


26 тамыз

Қазақстан машина жасаушыларының одағы өкілдері – Қазақстан машина жасаушыларының одағы Атқарушы дирекциясының директоры Талғат Базарбеков және Атқарушы дирекция директорының орынбасары Махамбет Мендигалиев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында олар өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарына барып, машина жасау саласын дамыту, өнеркәсіптік кооперация және отандық өндірушілерді қолдаудың өзекті мәселелерін талқылады.


28 тамыз

Онлайн форматта Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқарма отырысы өтті. Отырыста Одақтың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарының орындалу қорытындылары қаралып, саланы дамытуға қатысты жүйелі мәселелердің тізбесі өзектендірілді.


ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕРМЕН ЖҰМЫС


Тамыз айында өңірлік өкілдердің қатысуымен төрт онлайн-отырыс өткізілді.

Кездесулер барысында мынадай мәселелер қаралды:

1. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұсынатын шағын және орта бизнесті қолдау шаралары.

2. Жергілікті қамтуды дамыту және отандық өндірушілерді атом электр станцияларын салу жобаларын іске асыруға тарту.

3. «SKstore.kz» электрондық дүкені.

4. Заманауи машина жасау саласына кадрлар даярлау: халықаралық тәжірибе және «WorldSkills» практикасы.

5. «Газ жүйелері зауыты» ЖШС, «ПКФ «Ульба-Электро» ЖШС, «Viraqocha» ЖШС қызметінің таныстырылымы.

6. Одақтың атқарған жұмысы туралы ақпарат.

 

МЕМЛЕКЕТТІК, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС

Есепті айда Одақ саланы дамытудың негізгі бағыттары бойынша жұмысын жалғастырды.

Атап айтқанда:

1. Отандық өндірушілер үшін барынша ашық әрі тиімді құрал қалыптастыру мақсатында Машина жасау жөніндегі салалық комиссия құрамында ҚМЖО қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінің жұмыс тетіктерін жетілдіруді жалғастырды.

2. ЭКСЖ ұлттық жобасына қатысу үшін ҚТӨ тізілімі аясында СҚҚК-3 кодтарын беру бойынша ҚР ӨҚМ мен отандық тауар өндірушілермен жұмыс жүргізілуде.

3. ҚР экономика салаларын роботтандыру жөніндегі ҚР ЖИЦДМ жанындағы жобалық кеңсе құрамында жұмыс жалғасуда. Оның құрамына ҚМЖО Басқарма мүшесі, «Қазақстан автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ президенті Владимир Туреханов және ҚМЖО Атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Арман Ғалымов кірді.

4. Қазақстан машина жасаушыларының одағы XII және XIII форумдарының қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөнінде мемлекеттік органдармен жұмыс жалғасуда.


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ


Қазақстан машина жасаушыларының одағы Атқарушы дирекциясының директоры Талғат Базарбеков ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін жетекші еуропалық компаниялардың бірі – JOSKIN компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында JOSKIN өкілдері компанияның қызметін, өндірістік қуаттарын және шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының модельдік қатарын таныстырып, халықаралық нарықтағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Тараптар ауыл шаруашылығы машина жасау саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.