Қазақстан машина жасаушыларының форумдары

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Қазақстан машина жасаушыларының одағы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп Қазақстан машина жасаушылар форумын өткізеді

    Қазақстан машина жасаушылар форумы – бұл мемлекет пен бизнестің нақты диалог алаңы, мұнда:

  • 1000-нан астам делегат – жетекші қазақстандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының (әлемнің 30-дан астам елінен) басшылары, орталық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, даму институттарының, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері және машина жасау өнімдерін ірі тұтынушылар қатысады;
  • саланы дамытудың ең өзекті мәселелері талқыланады;
  • инвестициялар мен инновациялар тартылады, кооперациялар құрылады;
  • B2B кездесулері, коворкинг және іскерлік коммуникациялар өтеді;
  • саланы одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар қалыптастырылада.