«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ

Қазақстан машина жасаушыларының одағы құрамында 700-ге жуық машина жасау кәсіпорындарын біріктіретін коммерциялық емес қауымдастық болып табылады

Мақсаты мен миссиясы

Біздің мақсат: отандық машина жасауды қолдау және дамыту, машина жасау өнімдерін тұтынушылар мен өндірушілерді шоғырландыру. 

Біздің миссия: отандық машина жасаудың бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған деңгейге шығуы. 

Жыл сайын ҚМЖО Қазақстанның машина жасаушылар форумын және халықаралық сарапшылардың қатысуымен Kazakhstan Machinery Fair халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізеді

Одақ қызметі

Қазақстан машина жасаушыларының одағы елдің машина жасау саласын тиімді дамыту, саланың жүйелі проблемаларын шешуге жәрдемдесу, кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты жолға қою, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде олардың мүдделерін білдіру, заңнаманы, нормативтік саланы және техникалық реттеуді жетілдіру жөніндегі жұмысқа қатысу, сараптамалық және жұмыс топтарының, комиссиялардың жұмысына қатысу, сондай-ақ отандық машина жасау кәсіпорындарының табысты қызметіне ықпал ететін басқа да функцияларды орындау мақсатында құрылған

Ұйымдық құрылым
Халықаралық ынтымақтастық

 Еуропа, Азия және Оңтүстік Американың 11 шетелдік машина жасау қауымдастығымен кооперациялық байланыстар жолға қойылған

Германия
Германия машина жасаушылар одағымен (VDMA) машина жасау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум
Франция Республикасы
Француз сервистік компаниялары және мұнай-газ өнеркәсібі мамандары қауымдастығымен (GEF-AFTP) машина жасау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум
Корея Республикасы
Кореяның машина жасау қауымдастығымен (KOAMI) машина жасау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум
Италия Республикасы
Италиялық машина жасау өнеркәсібі федерациясымен (ANIMA) машина жасау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум
Австрия
«Машиналар және металл өнімдері» салалық индустриялық одағымен машина жасау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум
Татарстан Республикасы
«Татарстан Республикасының машина жасау кластері» қауымдастығымен машина жасау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум
Бразилия Федеративтік Республикасы
Бразилия өнеркәсіптік даму агенттігімен (Brazilian Industrial Development Agency) машина жасау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум
Қытай Халық Республикасы
Қытай халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің машина жасау комитетімен машина жасау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы vеморандум
Мажарстан
Машина жасаушылар және энергетикалық машина жасау Мажарстан ұлттық қауымдастығымен (MAGEOSZ) машина жасау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум
Түркия Республикасы
Түрік машина жасау Федерациясымен (MAKFED) машина жасау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум
Қазақстандағы машина жасау өндірісі көлемінің серпіні
Қазақстандағы машина жасау өндірісі көлемінің серпіні (2015–2025 жж.)

Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 2015 жылдан бастап тұрақты өсім көрсетуде. Егер 2015 жылы көрсеткіш небәрі 668 млрд теңгені құраса, 2024 жылға қарай ол тарихи ең жоғары деңгейге – 4 835 млрд теңгеге жетіп, тоғыз жыл ішінде 7 еседен астам артты.

Негізгі үрдістер:

  • 2015–2021 жж. тұрақты өсім байқалды, бұл кезеңде жылдық өсім 10%-дан 30%-ға дейін жетті.
  • 2022–2023 жж. сала жаңа деңгейге шықты: өндіріс көлемі 3 трлн теңгеден асып, 2023 жылы 4 трлн теңгеден жоғары болды.
  • 2024 жыл рекордтық жыл болды: өндіріс көлемі 4,8 трлн теңгеге жетіп, машина жасау өнімдеріне деген жоғары сұранысты растады.
  • 2025 жылдың қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 2,85 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен (2,33 трлн теңге) салыстырғанда 22%-ға жоғары болды. Бұл оң динамиканы көрсетеді және 2025 жылдың қорытындысы бойынша сала өткен жылғы нәтижеден асып түсуі мүмкін екенін болжайды.
Машина жасауға инвестициялар серпіні
Машина жасауға инвестициялар серпіні (2015–2025 жж.)
  • 2015–2019 жж. инвестициялар көлемі 50–60 млрд теңге деңгейінде болды.
  • 2020 жылы алғашқы айтарлықтай серпіліс тіркелді – 74,3 млрд теңге, осыдан кейін көрсеткіштер 60 млрд теңгеден жоғары деңгейде сақталды.
  • 2023 жылы жаңа өсу кезеңі басталды: инвестициялар көлемі 115,7 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан дерлік екі есе көп болды.
  • 2024 жыл бақыланған онжылдықтағы рекордтық көрсеткішке жетті – 290,7 млрд теңге, бұл 2023 жылғы деңгейден 2,5 еседен астам артық.
  • 2025 жылы оң серпін сақталуда: қаңтар–шілде айларында 163,1 млрд теңге көлемінде қаржы салынды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен (85,6 млрд теңге) екі есе жоғары.
Машина жасау саласындағы экспорт көрсеткіштерінің серпіні
Машина жасау саласындағы экспорт көрсеткіштерінің серпіні (2015–2025 жж.)
  • 2020–2024 жылдар аралығында экспорт көлемінің тұрақты өсімі байқалды: 2020 жылы 1,3 млрд $ болса, 2024 жылы 4,7 млрд $ жетті. Бұл бес жыл ішінде үш еседен астам өсім дегенді білдіреді.
  • Негізгі серпіліс 2022 жылы болды (2021 жылмен салыстырғанда 2 есе өсу) және ол кейінгі жылдары да сақталды.
  • 2024 жылдың қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша экспорт 2,6 млрд $ құрады, ал 2025 жылдың осындай кезеңінде – 2,1 млрд $, бұл шамамен 20%-ға төмендегенін көрсетеді.
700-ге жуық қатысушы

Қазіргі уақытта Одақ өз құрамында 700-ге жуық қатысушыны — отандық машина жасау кәсіпорындарын, бейіндік қауымдастықтар мен ұлттық компанияларды біріктіреді. 

Одақтың бастамасымен және тікелей қатысуымен Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асыруға қабылданды (ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 7 қарашадағы №991 қаулысымен бекітілген)

Одақтың бүкіл Қазақстан бойынша 18 өңірлік өкілі бар

Одақ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген. 

Жыл сайын Одақ шетелдік делегациялар мен өкілдердің қатысуымен Қазақстанның машина жасаушылар форумын өткізеді. 

Одақ жаңа қатысушыларды қабылдауға ашық. Кәсіпорындар Одаққа шешуші дауыс беру құқығы бар мүшелер немесе кеңесші дауыс беру құқығы бар қауымдастырылған мүшелер ретінде одаққа кіре алады.