Қыркүйек айында Қазақстан машина жасаушыларының одағы сала кәсіпорындарын қолдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және отандық өндірушілердің мүдделерін ілгерілету бойынша белсенді қызметін жалғастырды.
АЙДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ
10 қыркүйек
Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесті. Заңнамалық реттеу және машина жасау саласын қолдаудың жүйелі шаралары талқыланды.
10 қыркүйек
Одақтың Басқарма төрағасы орынбасары Ерқанат Мақанов пен атқарушы директор Талғат Базарбеков ҚР Парламенті Сенатының депутаты Евгений Болгертпен кездесті. Бірқатар заң жобаларына, оның ішінде «Өнеркәсіптік саясат туралы» және «Білім туралы» (дуальды оқытуды дамыту бөлігінде) ҚР заңдарына, сондай-ақ ҚР Кәсіпкерлік және Экологиялық кодекстеріне түзетулер талқыланды.
11 қыркүйек
Одақтың Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевпен машина жасау саласын қолдау мәселелері бойынша кездесу өткізді.
19 қыркүйек
Онлайн форматта Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқармасының отырысы өтті. Өңірлік өкілдер туралы жаңа Ереже бекітілді, қатысушылардың жалпы жиналысының 2025 жылғы 16 шілдедегі шешімі негізінде әзірленген Одақ Жарғысына өзгерістер жобасы және Машина жасаушы күніне орай мемлекеттік наградаларға ұсыну үшін сала кәсіпорындарының қызметкерінің кандидатураларын келісу мәселесі қаралды.
22 қыркүйек
Одақтың атқарушы директоры орынбасары Арман Ғалымов Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ұлттық жобасы: Қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» конференциясының пікірталас секциясында сала кәсіпорындарының мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.
26 қыркүйек
ҚР ӨҚМ-де Машина жасаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. 64 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды. Одақ ұсынысы бойынша 39 маман «Құрмет» және III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерін, «Ерен еңбегі үшін» медалін, сондай-ақ «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісін алды.
ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕРМЕН ЖҰМЫС
Қыркүйек айында өңірлік өкілдермен 4 отырыс өткізілді.
Қарастырылған тақырыптар мен сұрақтар:
1. Отандық тауар өндірушілердің тізілімін қалыптастырудың ағымдағы ережесі.
2. «QazCloud» ЖШС бұлтты сақтау инфрақұрылымы.
3. Зейнетақы аннуитеті мәселелері.
4. «Asiafilter Inc.» ЖШС қызметінің таныстырылымы
5. «Поиск» венчурлік фирмасы» ЖШС қызметінің таныстырылымы.
6. «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС қызметінің таныстырылымы.
7. Бизнес және ғылым кооперациясы.
8. ҚМЖО атқарған жұмыстар туралы ақпарат.
МЕМЛЕКЕТТІК, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Қазақстан машина жасаушыларының одағы отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетуді, әріптестік байланыстарды кеңейтуді, жаңа нарықтарға шығуды, халықаралық аренада отандық өнімдерді ұсынуды, жаңа технологиялармен және заманауи өнеркәсіптік шешімдермен танысуды, сондай-ақ Қазақстанның сенімді іскер әріптес ретіндегі имиджін нығайтуды жалғастыруда.
5 қыркүйекте Одақтың атқарушы дирекциясының директоры Талғат Базарбеков ҚР-дағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің өкілдерімен кездесті. Екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, бірлескен өндірістерді дамыту және машина жасау саласындағы импортты алмастыру бағдарламасына қатысу талқыланды.
23-26 қыркүйекте Бейжіңде BICES 2025 Құрылыс техникасы мен машина жасау жабдықтарының халықаралық көрмесі өтті.
Қазақстандық делегация құрамына атқарушы дирекцияның директоры Талғат Базарбеков, сондай-ақ Одаққа мүше кәсіпорындардың басшылары – «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС, «QSM Resources» ЖШС, «Қазақсельмаш» корпорациясы» ЖШС және т. б. қатысты.
Іскерлік бағдарлама аясында Қытай халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесінің машина жасау комитетінің (CCPIT) Президентімен CCPIT ұйымымен ынтымақтастықты кеңейту туралы кездесу өтті.
30 қыркүйекте ITALY4TRADE INTERNATIONAL S.R.L. компаниясымен онлайн-кеңес өтті. Бизнесті интернационалдандыру келешегі, бірлескен жобаларды іске асыру және Қазақстан мен Италия кәсіпорындары арасындағы байланыстарды нығайту талқыланды.
Қазақстан машина жасаушыларының одағы саланы дамыту, кәсіпорындарды қолдау және ішкі және халықаралық нарықтардағы отандық машина жасау ұстанымдарын нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.