19.09.2025
Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқармасы ұйымның даму мәселелерін қарастырды

Астанада онлайн-форматта «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ Басқармасының отырысы өтті. Жиында Одақтың қызметіне және оның әрі қарайғы дамуына қатысты негізгі мәселелер қаралды.

Одақ Басқармасының төрағасы – Мейрам Пішембаев. Басқарма құрамына Теміржан Абдрахманов, Жәнібек Байғабелов, Ерқанат Мақанов, Мақсат Қанатбаев, Владимир Туреханов, Динара Шүкіжанова кіреді.

Отырысқа төрағалық еткен Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқарма төрағасы Мейрам Пшембаев.

«Осы жылдың шілде айында өткен Одақ қатысушыларының Жалпы жиналысында өңірлік өкілдерге қауымдастырылған қатысушылардың мүдделерін білдіру және өңір атынан Жалпы жиналысқа қатысу құқығын беру жөнінде ұсыныстар түсті. Бұл бастама бірауыздан қолдау тапты, сондықтан атқарушы дирекцияға Жарғыға тиісті өзгерістер енгізу тапсырылды», – деді Мейрам Пішембаев.

Отырыста Одақтың атқарушы дирекциясының директоры Талғат Базарбеков келесі бағыттар бойынша баяндама жасады.

Одақтың Жарғысына өзгерістер. Басқарма мүшелері Одақ жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Жарғының бірқатар ережелерін өзектендіру қажеттігін қолдады. Атап айтқанда, өңірлік өкілдерді Жалпы жиналысқа қатысушылардың отырыстарында қауымдастырылған мүшелердің мүдделерін (кеңес беру құқығымен) білдіру құқығымен беру жөніндегі ұсыныс қолдау тапты. Талқылау қорытындысы бойынша Жарғыға өзгерістер жобасын ҚМЖО Жалпы жиналысының қарауына шығару ұсынылды.

Өңірлік даму. Одақтың өңірлік өкілдерінің рөлін арттыруға және оларды Одақтың міндеттерін жүзеге асыруға белсенді тартуға бағытталған жаңа Ереже бекітілді. Құжатта өңірлік өкілдердің функциялары мен жауапкершілігі айқындалып, олардың Одақ жұмысындағы маңызы күшейтілді.

Салалық мамандарды марапаттау. Басқарма мүшелері биылғы жылы 28 қыркүйекте аталып өтілетін Машина жасаушылар күні қарсаңында мемлекеттік наградаларға ұсынылған кандидатураларды келісімге алды.

Одақ атынан марапаттауға 39 сала қызметкері ұсынылды. Олар машина жасау саласының дамуына елеулі үлес қосып, жоғары кәсібилік, өз ісіне адалдық және көпжылдық еңбегімен ерекшеленді. Ұсынылған кандидаттардың шамамен 82%-ын қарапайым жұмысшылар құрайды.

Сала мамандарының еңбегін мойындау олардың кәсіби өсуіне ынталандырушы күш болып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер Басқарма мүшелері тарапынан қолдау тапты.

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ институционалдық негізді нығайту, өңірлік ынтымақтастықты кеңейту және ел экономикасының дамуына үлес қосып отырған отандық машина жасау кәсіпорындарын қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Отырыс соңында Мейрам Пішембаев әріптестерін келе жатқан Машина жасаушылар күнімен құттықтап, мықты денсаулық, табыс пен амандық тіледі.