2026 жылғы қыркүйекте Қазақстан машина жасаушыларының одағы саланы дамыту, отындық кәсіпорындарды қолдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ өндірістік белсенділікті ынталандыруға және кооперацияны кеңейтуге бағытталған бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырды.
АЙДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ
2 қыркүйек
Қазақстан машина жасаушыларының одағы Атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Махамбет Мендиғалиев Түркістан облысында жұмыс кездесулерін өткізіп, онда машина жасау саласын дамыту, өнеркәсіптік кооперация және өңірлік кәсіпорындардың Одақ қызметіне қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады.
Жұмыс сапары аясында Махамбет Мендиғалиев агротехнологиялық жабдықтар мен суару жүйелерін толық өндірістік циклмен шығаратын қазақстандық жетекші өндірушілердің бірі – «BNK Group» ЖШС және индустриялық аймақтың қызметімен танысты. Бұдан бөлек, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында кездесу өтті.
3 қыркүйек
Қазақстан машина жасаушыларының одағы Атқарушы дирекциясының директоры Талғат Базарбеков құрылыс және тау-кен техникасының CMM EXPO Kazakhstan 2026 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.
4 қыркүйек
Одақ Атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Махамбет Мендиғалиев Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіп, жергілікті қамтуды дамыту және отандық өндірушілердің жеткізу тізбектеріне қатысуын кеңейту мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты.
18 қыркүйек
Қазақстан машина жасаушыларының одағы өкілдері STALBAU машина жасау зауытының Ашық есік күніне қатысты.
Кәсіпорын коммуналдық және арнайы техниканы өндіруге және кешенді жеткізуге маманданған.
24 қыркүйек
Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов отандық тауар өндірушілерді қолдау және олардың «QazaqGaz» ҰК» АҚ сатып алуларына қатысуын кеңейту мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты.
Одақ «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның ел ішіндегі құндылықты дамытуға басымдықты күшейту жөніндегі ұстанымын қолдайды және қойылған мақсаттарға бірлесіп қол жеткізу үшін өз тарапынан бар күш-жігерін салуға дайын.
27 қыркүйек
Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Машина жасаушы күні атап өтіледі. Кәсіби мереке қарсаңында еліміздің әр өңіріндегі машина жасау кәсіпорындарының өкілдері бірқатар наградалармен марапатталды.
«Машина жасау өнеркәсібінің үздігі» төсбелгісімен 30 маман марапатталса, тағы 5 кәсіпорын өкілі «Атамекен» ҰКП-ның «Адал еңбегі үшін» медаліне ие болды.
Сонымен қатар саланың 4 қызметкері ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің Құрмет грамотасымен, тағы 26 қызметкер Қазақстан машина жасаушылары одағының Құрмет грамотасымен марапатталды.
ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕРМЕН ЖҰМЫС
Тамыз айында өңірлік өкілдердің қатысуымен төрт онлайн-отырыс өткізілді.
Кездесулер барысында мынадай мәселелер қаралды:
1. «Атамекен» ҰКП Арбитраж орталығының артықшылықтары.
2. Жер қойнауын пайдаланушылардың «Tizilim» электрондық сатып алу порталы.
3. Электрондық сатып алулар – компаниялардың табыстылығын арттырудың драйвері.
4. «Дәнекерлеу өндірісінің сапасын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі» вебинары.
5. «Қазтехфильтр» ЖШС, «ACTON FLOW» ЖШС, «Борусан Макина Қазақстан» БК ЖШС қызметінің таныстырылымы.
6. Одақтың атқарған жұмысы туралы ақпарат.
МЕМЛЕКЕТТІК, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС
Есепті айда Одақ саланы дамытудың негізгі бағыттары бойынша жұмысын жалғастырды.
Атап айтқанда:
1. Отандық өндірушілер үшін барынша ашық әрі тиімді құрал қалыптастыру мақсатында Машина жасау жөніндегі салалық комиссия құрамында ҚМЖО қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінің жұмыс тетіктерін жетілдіруді жалғастырды.
2. ЭКСЖ ұлттық жобасына қатысу үшін ҚТӨ тізілімі аясында СҚҚК-3 кодтарын беру бойынша ҚР ӨҚМ мен отандық тауар өндірушілермен жұмыс жүргізілуде.
3. ҚР экономика салаларын роботтандыру жөніндегі ҚР ЖИЦДМ жанындағы жобалық кеңсе құрамында жұмыс жалғасуда. Оның құрамына ҚМЖО Басқарма мүшесі, «Қазақстан автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ президенті Владимир Туреханов және ҚМЖО Атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Арман Ғалымов кірді.
4. Қазақстан машина жасаушыларының одағы XII және XIII форумдарының қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөнінде мемлекеттік органдармен жұмыс жалғасуда.