2026 жылғы 3 қыркүйекте Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында құрылыс және тау-кен техникасына арналған CMM EXPO Kazakhstan 2026 халықаралық көрмесінің ашылу рәсімі өтті.
Ашылу салтанатына ҚР Көлік министрлігі, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтардың өкілдері, шетелдік делегациялар және компания басшылары қатысты. Қазақстан машина жасаушыларының одағынан іс-шараға Атқарушы дирекция директоры Талғат Базарбеков қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде Талғат Базарбеков мұндай алаңдардың өнеркәсіптің технологиялық дамуы мен өндірістік кооперацияны кеңейту үшін маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінде өнеркәсіптің дамуы заманауи технологияларды енгізумен, жабдықтарды жаңартумен және өндірістік кооперацияны кеңейтумен тікелей байланысты. Мұндай көрме алаңдары өндірушілер, жеткізушілер және әлеуетті тапсырыс берушілер арасында тікелей диалог орнатуға мол мүмкіндік береді», – деп атап өтті Талғат Базарбеков.
Оның айтуынша, көрмеге қазақстандық компаниялармен қатар шетелдік компаниялардың да қатысуы аса маңызды. Бұл жаңа техникалық шешімдермен танысуға, тәжірибе алмасуға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
CMM EXPO Kazakhstan 2026 көрмесі халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және Қазақстан өнеркәсібіне заманауи технологияларды енгізуге де мүмкіндік береді.
Қазақстан машина жасаушыларының одағы өндірістік кооперацияны дамытуға, технологиялық алмасуға және отандық кәсіпорындардың шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстарын кеңейтуге ықпал ететін алаңдарды қолдауды жалғастырады.
Көрменің ұйымдастырушысы – Gemway Group халықаралық компаниялар тобы. Көрме 2026 жылғы 3–5 қыркүйек аралығында Астанадағы «EXPO» ХКО алаңында өтіп, тау-кен, карьерлік, құрылыс және жол техникасын, аспалы жабдықтарды, жиынтықтаушы бұйымдар мен сервистік шешімдерді өндірушілер мен жеткізушілерді бір алаңға біріктіреді.
2026 жылы көрмеге Қазақстаннан және шетелден 100-ден астам компания қатысып, Ұлыбритания, Қытай, АҚШ, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапонияның жетекші брендтерін таныстырады. Экспозицияның жеке бөлігін Қытай Халық Республикасының ұлттық павильоны құрайды.
Көрме заманауи техникалық шешімдерді таныстыруға, тәжірибе алмасуға және жабдық өндірушілері мен жеткізушілері, сондай-ақ әлеуетті тапсырыс берушілер арасында іскерлік байланыстар орнатуға арналған тиімді алаң қалыптастырады.