05.11.2025
2025 жылғы қазан айындағы «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ жұмысының қорытындысы

Қазан айында Қазақстан машина жасаушыларының одағы сала кәсіпорындарын қолдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және отандық өндірушілердің мүдделерін ілгерілету бойынша белсенді қызметін жалғастырды.


АЙДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ


6 қазан

Одақтың атқарушы директоры Талғат Базарбеков пен оның орынбасары Арман Ғалымов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының басшысы Ренат Айтаевпен кездесті.

Кездесу барысында машина жасау саласында ішкі сұранысты ынталандыру және жергілікті өндіріс деңгейін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жиынға Өндіріс және құрылыс министрлігінің өкілдері де қатысты.


8 қазан

Одақтың атқарушы директоры Талғат Базарбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгертпен машина жасау саласын мемлекеттік қолдау және дамыту мәселелерін талқылады.


13 қазан

Одақтың атқарушы директоры Талғат Базарбеков пен оның орынбасары Арман Ғалымов «AMANAT» партиясының депутаттарымен кездесті.

Кездесу барысында машина жасау кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету және электрондық сатып алу жүйесін жетілдіру мәселелері қаралды.


22 қазан

«Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Машина жасау және металл өңдеу, өңдеу өнеркәсібі комитеттерінің қазақстандық тауар өндірушілердің жаңа тізілімін іске қосу мәселелері бойынша бірлескен отырысы өтті.


24 қазан

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Қазақстан машина жасаушыларының одағы ұсынысы бойынша машина жасау саласының 19 қызметкері «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапатталды.


28 қазан

Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесті. Кездесуде заңнамалық реттеу мен машина жасау саласын қолдаудың жүйелі шараларын жетілдіру мәселелері талқыланды.


31 қазан

Одақ Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов пен Одақтың атқарушы директоры орынбасары Арман Ғалымов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековпен кездесті. Кездесу барысында машина жасау мәселелері бойынша әзірленген заң жобасы шеңберінде машина жасау саласын заңнамалық реттеу және қолдаудың жүйелі шаралары (өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қамтамасыз ету үшін ҚР ӨҚМ қалыптастыратын шикізат материалдарының тізбесін кеңейту, бизнес субъектілерін санаттау критерийлері, «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР заңы шеңберінде офтейк-келісімшарттар жасасу) мәселелері талқыланды. 


ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕРМЕН ЖҰМЫС


Қазан айында өңірлік өкілдермен 5 отырыс өткізілді.


Қарастырылған тақырыптар мен сұрақтар:

1. Жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері.

2. «Tizilim» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің таныстырылымы.

3. «Ұлттық тауарлар каталогы» мемлекеттік деректер базасын енгізу барысы.

4. Қазақстан өнеркәсібінің ең озық қолжетімді технологиялар қағидаттарына көшуі туралы.

5. Машина жасау кәсіпорындарында қосарлы оқытуды іс жүзінде жүзеге асыру.

6. «Іңкәр-1» ЖШС қызметінің таныстырылымы.

7. «ЭнКо» ЖШС қызметінің таныстырылымы.

8. «PROLUX LED» ЖШС қызметінің таныстырылымы.

9. «Азиякотломаш» ЖШС қызметінің таныстырылымы.

10. ҚМЖО атқарған жұмыстар туралы ақпарат.

 

МЕМЛЕКЕТТІК, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС

 

  • ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және ел ішіндегі құндылықты дамыту департаментімен бірлесіп, машина жасау саласындағы отандық кәсіпорындарды қолдау мен ашықтықты арттыруға бағытталған қазақстандық өндірушілердің тауарларының тізілімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
  • Сала кәсіпорындарының «Qarmet» АҚ қара металлургия өнімдеріне деген қажеттіліктері жөнінде ақпарат жинау жұмысы жүргізілуде.
  • Қазақстан Республикасында өндірілмейтін және дайын өнімді шығару кезінде отандық тауар өндірушілер пайдаланатын шикізат пен материалдарды импорттайтын салық төлеушілердің тізбесін қалыптастыру бойынша ҚР ӨҚМ-мен жұмыс жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан машина жасаушыларының одағы бастамасы бойынша жаңа Салық кодексіне ҚР-да дайын өнім өндіруде пайдаланылатын және өндірілмейтін шикізат пен материалдарға ҚҚС төлеуді 12 айға дейін кейінге қалдыруды көздейтін норма енгізілген болатын.
  • Қазақстан машина жасаушыларының XII форумының қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жалғасуда. Ұсынымдар кең ауқымды мәселелерді қамтиды, соның ішінде: кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету; Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесін енгізу; Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға отандық тауар өндірушілердің қатысуы; өнеркәсіптік робототехниканы енгізуге бағытталған бағдарламалық құжат қабылдау арқылы еңбек өнімділігін арттыру, сондай-ақ экономиканың басым салалары үшін жабдықтар мен автоматтандыру құралдарын өндіруді ынталандыру.


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 

Қазақстан машина жасаушыларының одағы отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетуді, әріптестік байланыстарды кеңейтуді, жаңа нарықтарға шығуды, халықаралық аренада отандық өнімдерді ұсынуды, жаңа технологиялармен және заманауи өнеркәсіптік шешімдермен танысуды жалғастыруда.


7–10 қазанда «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында Чех Республикасының Брно қаласында өткен 66-шы Халықаралық машина жасау көрмесіне (MSV 2025) және Орталық Азияның әлеуетіне арналған бизнес-форумға қатысты.

Сапар аясында жетекші чех компаниялары мен салалық қауымдастықтардың өкілдерімен, соның ішінде Машина жасау технологиялары қауымдастығының (SST) басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өтті, сондай-ақ шағын қашықтықтағы ұшақтар өндіретін Aircraft Industries кәсіпорнына бару ұйымдастырылды.


3–16 қазанда Одақтың атқарушы директорының орынбасары Махамбет Мендіғалиев пен Өңірлік даму және сертификаттау басқармасының жетекші менеджері Алексей Ищук Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында өнеркәсіптік сорғылар өндіру бойынша жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылатын TESK зауытына (Ханчжоу қ.) барып, Гуанчжоу қаласында өткен 138-ші Халықаралық Кантон жәрмеңкесінің жұмысына қатысты.


20 қазанда Қазақстан машина жасаушыларының одағы Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Елшілігімен бірлесіп, ирандық компаниялардың өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту жолдарын, соның ішінде бірлескен өндірістер құруды, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды, технологиялар трансферін және кадрлар даярлау мәселелерін талқылады.


21 қазанда Одақтың атқарушы директоры Талғат Базарбеков және Өңірлік даму және сертификаттау басқармасының басшысы Микаэл Кузьменко «Свердлов облысы – Қазақстан Республикасы: қазақстандық өнеркәсіп үшін уральдық шешімдер» атты бизнес-форумға қатысты. Форум аясында Свердлов облысының Халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар министрлігімен, Өнеркәсіп және ғылым министрлігімен, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.


Қазақстан машина жасаушыларының одағы саланы дамыту, кәсіпорындарды қолдау және ішкі және халықаралық нарықтардағы отандық машина жасау ұстанымдарын нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.