04.08.2026
2026 жылғы шілде айындағы «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ жұмысының қорытындысы

2026 жылғы шілдеде Қазақстан машина жасаушыларының одағы саланы дамыту, отындық кәсіпорындарды қолдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ өндірістік белсенділікті ынталандыруға және кооперацияны кеңейтуге бағытталған бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырды.


АЙДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ


2 шілде

Қазақстан машина жасаушыларының одағы Жалпы жиналысы қатысушыларының отырысы өтті. Онда Одақтың 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым жұмыс бағыттары айқындалды.

Қатысушылар 2025 жылдың Одақ қызметі туралы есепті және Тексеру комиссиясының есебін бекітті, Үйлестіру кеңесі мен Жалпы жиналыс құрамдарын өзектендіру туралы шешім қабылдады, сондай-ақ Тексеру комиссиясының қолданыстағы құрамының өкілеттігін ұзартты.


7 шілде

Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқармасы төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов пен Одақтың Атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Махамбет Мендіғалиев «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС (ҚАЭС) жанындағы Жергілікті қамтуды мониторингтеу орталығының басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында атом энергетикасы жобаларындағы жергілікті қамтуды дамыту және отандық машина жасау кәсіпорындарымен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.


15 шілде

Одақ өкілдері – Атқарушы дирекция директорының орынбасары Махамбет Мендіғалиев және Өңірлік даму және сертификаттау басқармасының жетекші менеджері Алексей Ищук «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Телеком Комплект» дирекциясымен жұмыс кездесуіне қатысты. Талқылауға онлайн форматта Жобаларды басқару дирекциясы мен «Желі» дивизионының өкілдері де қосылды.

Кездесудің негізгі тақырыптары:

  • отандық өндірушілердің өнімдерін сатып алуды дамыту;
  • 2026 жылға арналған импортты алмастыру тауарларының тізбесін қалыптастыру;
  • офтейк-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді шарттар жасасу.


29 шілде

Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Болат Ақшолақовпен және облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевпен кездесті.

Кездесу барысында өңірдің машина жасау саласын дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Қатысушылар ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасау тетіктерін, өндірісті жергіліктендіруді, ірі өнеркәсіптік компаниялармен және жер қойнауын пайдаланушылармен өндірістік кооперацияны кеңейтуді, сондай-ақ сала кәсіпорындары үшін білікті кадрлар даярлау мәселелерін қарастырды.


ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕРМЕН ЖҰМЫС


Шілде айында өңірлік өкілдердің қатысуымен төрт онлайн-отырыс өткізілді.

Кездесулер барысында мынадай мәселелер қаралды:

1. Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі (ЭКСЖ) ұлттық жоба шеңберіндегі электрондық сатып алу платформасы арқылы мердігерлердің отандық өндірушілердің тауарларын сатып алу тетігін түсіндіру, сондай-ақ Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде СҚҚК кодтарын 6 таңба деңгейінде толтыру қажеттілігі.

2. Кәсіпорындардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және салалық оқытуды ұйымдастыру.

3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұсынатын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары.

4. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген BusinessGo бірыңғай цифрлық платформасы.

5. Өндірісті тиімді басқарудың заманауи тәсілдері.

6. «Фрейткар Компонентс» ЖШС және «Erreesse Caspian Valves» ЖШС қызметі туралы.

7. Одақтың атқарған жұмысы туралы ақпарат.


МЕМЛЕКЕТТІК, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС

Есепті айда Одақ саланы дамытудың негізгі бағыттары бойынша жұмысын жалғастырды.

Атап айтқанда:

1. Отандық өндірушілер үшін барынша ашық әрі тиімді құрал қалыптастыру мақсатында Машина жасау жөніндегі салалық комиссия құрамында ҚМЖО қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінің жұмыс тетіктерін жетілдіруді жалғастырды.

2. ЭКСЖ ұлттық жобасына қатысу үшін ҚТӨ тізілімі аясында СҚҚК-3 кодтарын беру бойынша ҚР ӨҚМ мен отандық тауар өндірушілермен жұмыс жүргізілуде.

3. ҚР экономика салаларын роботтандыру жөніндегі ҚР ЖИЦДМ жанындағы жобалық кеңсе құрамында жұмыс жалғасуда. Оның құрамына ҚМЖО Басқарма мүшесі, «Қазақстан автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ президенті Владимир Туреханов және ҚМЖО Атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Арман Ғалымов кірді.

4. Қазақстан машина жасаушыларының одағы XII және XIII форумдарының қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөнінде мемлекеттік органдармен жұмыс жалғасуда.