04.09.2025
2025 жылғы тамыз айындағы «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ жұмысының қорытындысы

Тамыз айында Қазақстан машина жасаушыларының одағы салалық кәсіпорындарды қолдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және отандық өндірушілердің мүдделерін ілгерілету бойынша белсенді жұмысты жалғастырды.


АЙДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ

6 тамыз

Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаевпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан машина жасаушылары одағының Жалпы жиналысы қатысушыларының отырысы туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, сала кәсіпорындарының қолданыстағы өндірістер, экспорт пен импорт, сатып алу қажеттіліктері туралы ақпаратқа қол жеткізуі, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық ақпарат алмасуды жолға қою және ішкі елдік құнды арттыру мәселелері талқыланды.


12 тамыз

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевтың атынан саланың әрі қарай дамуының басым бағыттары көрсетілген ресми хат жолданды. Құжатта еңбек өнімділігін арттыру тәсілдерін стратегиялық қайта қарастырудың, робототехникалық кешендерді жедел енгізудің, офтейк-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді шарттар жасаудың қажеттілігі атап көрсетілген. Одақ сонымен қатар Қазақстан машина жасаушыларының жыл сайынғы форумы мен Kazakhstan Machinery Fair халықаралық көрмесін мемлекет пен бизнес диалогы үшін тиімді алаң ретінде өткізудің маңыздылығын атап өтті.


22 тамыз

 Одақтың атқарушы дирекциясының директоры Талғат Базарбеков «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-ның мерейтойына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты. Іс-шара аясында қонақтар ондаған түрлі жүк және арнайы техника шығарылатын өндірістік цехтармен танысты.



26 тамыз

Қазақстан машина жасаушыларының одағы Астанада ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының Машина жасау және металл өңдеу комитетінің отырысын өткізді.

Отырыс Комитет төрағасының орынбасары, Одақ Басқармасының мүшесі Теміржан Абдрахмановтың төрағалығымен өтті.

Қаралған негізгі мәселелер:

- отандық тауар өндірушілерді «Энергетика және ТКШ-ны жаңғырту» ұлттық жобасына тарту;

- Қазақстандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін іске қосуға дайындық.




27 тамыз

Одақ Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен кездесті. Келіссөздер барысында саланы дамытудағы негізгі мәселелер, оның ішінде кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету және ішкі қайта өңдеуді ынталандыру шаралары талқыланды.


29 тамыз

Маңғыстау облысы «Атамекен» ӨКП алаңында ҚМЖО делегациясының аймақтық кәсіпорындармен кездесуі өтті. Кездесу барысында Одақтың қызметі таныстырылып, саланың дамуындағы маңызды мәселелер – кәсіпорындарды отандық шикізат және материалдармен қамтамасыз ету, кадр даярлау, ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасасу, өндірісті жергіліктендіру, сондай-ақ ірі компаниялар және жер қойнауын пайдаланушылармен кооперация келешектері талқыланды.



ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕРМЕН ЖҰМЫС

Тамыз айында өңірлік өкілдермен 4 отырыс өткізілді.


Қаралған тақырыптар мен мәселелер:

1. Өндірістің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға арналған «Siemens» компаниясының жасанды интеллект негізіндегі шешімдері.

2. ЕАЭО аясында кәсіпорындардың өндірістік кооперациясын қаржылай қолдау тетігінің таныстырылымы.

3. Қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін ҚР сметалық-нормативтік базасына енгізу үшін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-қа құжат тапсыру тәртібі.

4. «Sigma Corporation» ЖШС қызметінің таныстырылымы.

5. Кәсіпорын қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандыру.

6. «Теміртау құю зауыты» ЖШС қызметінің таныстырылымы.

7. «LED Solutions» ЖШС қызметінің таныстырылымы.

8. ҚМЖО атқарған жұмыстар туралы ақпарат.



МЕМЛЕКЕТТІК, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС

1. Қазақстан машина жасаушылары XII форумының нәтижелері бойынша ұсыныстарды іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, қара металлургия өнімдерін қоса алғанда, кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп «Qarmet» АҚ-мен кеңестер өткізілді.

2. ҚР ӨҚМ және «Qazindustry» АҚ басшылығымен кездесулер мен онлайн-кеңестер өтті. ҚР «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңына шикізат тауарлары тізбесін қалыптастыруға қатысты өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Сондай-ақ, отандық кәсіпорындарды ресурстармен қамтамасыз етуді басымдық ете отырып, экспортқа шығарылатын шикізат бағалары туралы ақпаратты нақтылау бойынша жұмыс жүргізілуде.

3. ҚР ӨҚМ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, вагондарды күрделі жөндеу кезінде отандық өндірістің жаңа қосалқы бөлшектерін пайдалануға қатысты техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу ережелеріне өзгерістер пысықталуда.

4. ҚР ӨҚМ-мен бірлесіп келесі НҚА-ларды әзірлеу мәселелері қарастырылуда:

  • Энергетика және ТКШ салаларын жаңғырту бойынша ұлттық жоба аясында қазақстандық өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидалары.
  • Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған келісімшарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидалары.
  • Ішкі елдік құнды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидалары.

5. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және оның еншілес компанияларына отандық теміржол құрамдас бөлшектерін жеткізу бойынша лизингтік мәмілелер аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен өзара іс-қимыл жолға қойылды.

6. ҚР ҰЭМ-мен жаңа Салық кодексі ережелерін талқылау бойынша жұмыс жүргізілді. Диалог аясында саланың негізгі мәселелері қарастырылуда, соның ішінде Қазақстанда өндірілмейтін импортталатын тауарларға ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру, импорт кезінде ҚҚС-ты есепке алу әдісімен төлеу мүмкіндігі, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін санаттарға бөлу тәсілдерін нақтылау.

7. ҚР СЖРА-мен бірлесіп машина жасау саласын дамытуға арналған жүйелі ұсыныстар пысықталуда – кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету, ішкі қайта өңдеуді ынталандыру, қолжетімді қаржыландыру және тиімді субсидиялау құралдарын қалпына келтіру, қазақстандық өнімге ішкі сұранысты ынталандыру шараларын кеңейту, энергетика және ТКШ салалары бойынша ұлттық жобалар аясында отандық өндірушілерді қолдау және т.б.



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан машина жасаушыларының одағы өз қатысушыларын халықаралық көрмелерге, форумдарға және бизнес-миссияларға қатысу мүмкіндіктері туралы тұрақты түрде хабардар етіп отырады.


2025 жылғы тамыз айында қатысушыларға мынадай іс-шаралар туралы ақпарат жолданды:

1. 19-шы IranPlast халықаралық көрмесі (8–11 қыркүйек, Тегеран, Иран).

2. BICES 2025 халықаралық көрмесі (23–26 қыркүйек, Бейжің, Қытай).


Осындай іс-шараларға қатысу қазақстандық кәсіпорындарға серіктестік байланыстарды кеңейтуге, жаңа нарықтарға шығуға, отандық өнімді халықаралық деңгейде таныстыруға, жаңа технологиялармен және заманауи өнеркәсіптік шешімдермен танысуға, сондай-ақ Қазақстанның сенімді іскер серіктес ретіндегі имиджін нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан машина жасаушыларының одағы саланы дамыту, кәсіпорындарды қолдау және отандық машина жасаудың ішкі және халықаралық нарықтардағы позицияларын нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.