03.11.2026
2026 жылғы қазан айындағы «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ жұмысының қорытындысы

2026 жылғы қазанда Қазақстан машина жасаушыларының одағы саланы дамыту, отындық кәсіпорындарды қолдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ өндірістік белсенділікті ынталандыруға және кооперацияны кеңейтуге бағытталған бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырды.


АЙДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ


14 қазан

Астана қаласында «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов «Power Trends: ЭКСЖ ұлттық жобасы және электр энергетикасы саласын дамыту жоспары. Қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» конференциясының «Бизнес ұстанымы және іске асырылуын бақылау» атты пікірталас сессиясына қатысты.

Сессия барысында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға отандық кәсіпорындардың қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту кезінде қазақстандық өнімдерді қолдану аясын кеңейту тетіктері талқыланды.


15–16 қазан

Қазақстан машина жасаушыларының одағы өкілдері – Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов пен Атқарушы дирекция директорының орынбасары Махамбет Мендиғалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында олар Мұнай-газ машина жасау форумына және операторлардың – ТШО, NCOC, КПО, Silleno және KMG PetroChem компанияларының Ашық есік күніне қатысты. Сонымен қатар өңір кәсіпорындарының өндірістік мүмкіндіктерімен танысты. Атап айтқанда, «ОралАгроРемМаш» АҚ, «WEST OIL Инжинирингтік компаниясы» ЖШС және «Батыс Қазақстан машина жасау зауыты» АҚ өндірістік алаңдарын аралады.


29 қазан

Қазақстан машина жасаушыларының одағы Атқарушы дирекциясының директоры Талғат Базарбеков «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің өңдеу өнеркәсібі мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Отырыс барысында отандық өндірушілерді қолдау шаралары, сатып алуды ұзақ мерзімді жоспарлау және ел ішіндегі құндылықты дамыту мәселелері талқыланды.

Талғат Базарбеков Ел ішіндегі құндылықты дамыту жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін ірі тапсырыс берушілердің жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттігін атап өтті. Салалық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу отандық өндірушілерді қолдау шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕРМЕН ЖҰМЫС


Қазан айында өңірлік өкілдердің қатысуымен төрт онлайн-отырыс өткізілді.

Кездесулер барысында мынадай мәселелер қаралды:

1. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ұсынатын отандық тауар өндірушілердің экспорттық шығындарының бір бөлігін өтеу құралдары.

2. «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ұсынатын кәсіпорындардың халықаралық сертификаттаудан (ISO, API, ASME және т.б.) өтуіне байланысты мемлекеттік қолдау шаралары.

3. Кәсіпорындарды ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарына және басқа да талаптарға сәйкестігі бойынша сертификаттауға дайындау қызметтері.

4. «Karlskrona LC AB» ЖШС тәжірибесі негізінде халықаралық сертификаттаудан өту бойынша практикалық ұсынымдар.

5. Қазақстан Республикасының өнеркәсібін ең үздік қолжетімді техникалар (ҮҚТ) қағидаттарына көшіру.

6. Кәсіпорындардың цифрлық қауіпсіздігі мәселелері.

7. «INOS ASIA» ЖШС қызметі туралы.

8. Одақтың ағымдағы қызметі мен атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы ақпарат.

 

МЕМЛЕКЕТТІК, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС

Есепті айда Одақ саланы дамытудың негізгі бағыттары бойынша жұмысын жалғастырды.

Атап айтқанда:

1. Отандық өндірушілер үшін барынша ашық әрі тиімді құрал қалыптастыру мақсатында Машина жасау жөніндегі салалық комиссия құрамында ҚМЖО қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінің жұмыс тетіктерін жетілдіруді жалғастырды.

2. ЭКСЖ ұлттық жобасына қатысу үшін ҚТӨ тізілімі аясында СҚҚК-3 кодтарын беру бойынша ҚР ӨҚМ мен отандық тауар өндірушілермен жұмыс жүргізілуде.

3. ҚР экономика салаларын роботтандыру жөніндегі ҚР ЖИЦДМ жанындағы жобалық кеңсе құрамында жұмыс жалғасуда. Оның құрамына ҚМЖО Басқарма мүшесі, «Қазақстан автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ президенті Владимир Туреханов және ҚМЖО Атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Арман Ғалымов кірді.

4. Қазақстан машина жасаушыларының одағы XII және XIII форумдарының қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөнінде мемлекеттік органдармен жұмыс жалғасуда.


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

6–9 қазан аралығында «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ Атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Махамбет Мендиғалиев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің өкілдерімен бірлесіп, Чехияның Брно қаласында өткен 67-ші Халықаралық машина жасау көрмесі – MSV жұмысына қатысты.


30 қазанда Қазақстан машина жасаушыларының одағы Атқарушы дирекциясының директоры Талғат Базарбеков пен оның орынбасары Махамбет Мендиғалиев «Атамекен» ҰКП алаңында өткен неміс бизнес өкілдерімен кездесуге қатысты.

Неміс делегациясының құрамына ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласындағы кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ Германияның салалық қауымдастықтары, оның ішінде Германия машина жасаушылар одағының өкілдері кірді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты кеңейту келешегі, екі ел кәсіпорындары арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту, сондай-ақ машина жасау саласында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.