Jumore компаниясы Астанада көпфункционалды алаң құруды ұсынды
Компания Астанада көпфункционалды алаңын ашуды ұсынып отыр. «Атамекенде» ҚР «Атамекен» ҰҚП басқару Төрағасының орынбасары мен Jumore қытай электронды сауда алаңының президенті Ли Хунсян арасында кездесу өтті.
Jumore компаниясының Басшысы Астанада көпфункционалды сауда-логистикалық кешенін ашуда мүдделі екенін мәлімдеді. Кешен логистикалық хаб, екі жақтың арасындағы транзакцияларды өткізуге арналған каржы орталығын және сауда орталығын қамтиды. Клиенттерге сертификаттау және кедендік тазалау қызметтері көрсетілетін болады.
Jumore – электронды сауда алаңы. 2019 жылдан бастап компания осындай көпфункционалды сауда-логистикалық орталықтарын әлемнің өзге елдерінде ашу бойынша жоспарын іске асыруды бастайды. Бұндай орталық Қытайда да ашылатын болады. 2019 жылда Сиань қаласында «Бір белдеу – бір жол» саммиты өтеді және Jumore онда офлайн-сауда кешенін ашуды жоспарлап отыр.
Бұл – қызмет аясын кеңейту бойынша стратегияның бір бөлімі. Jumore компаниясы «B2B» форматындағы трансшекаралық электронды сауда мәселесімен айналысатын алғашқы компаниялардың бірі болып табылады. Ли Хунсян мырза атап өткендей, жақын арада, осы жылдың тамызынан бастап, Jumore да жеке саудаға, яғни B2C форматына, ауысуды бастайды. көпфункционалды сауда-логистикалық орталықтары түрінде офлайн форматы – бұл компания экспансиясының нарықтағы одан әрі таралуы.
Jumore тарапынан Астанада осындай сауда орталығының құрылысы туралы ұсыныс беруі – қытай бизнесі тарапынан Қазақстанның логистикалық және экспорттық әлеуетіне көрсетілген қызығушылықтың белгісі.
Келіссөз барысында Jumore Президенті электронды сауда алаңында тіркелген барлық мемлекеттер үшін қатысуы ақылы екенін атап өтті. Алайда, Қазақстан үшін олар арнайы шарттарды ұсынуда. Біздің кәсіпкерлер бұл алаң қызметтерін 6 ай бойы тегін пайдалана алады. Бұл өткен жылы Jumore компаниясымен қол қойылған меморандум нәтижесінің бірі болды. Сонымен қатар, Jumore компаниясының президенті «Ұлы Дала Елі» бағдарламасына қатысуға өз мүддесін білдірді.
Оның үстіне Jumore-мен ынтымақтастық – аса перспективті Қытай нарығына шығудың маңызды құралы. Қытай нарығына кіру нарықтың ерекшелігімен, соның ішінде импортты реттеу ерекшеліктерімен, байланысты бірқатар мәслелелердің шешілуімен түйіндес. Jumore-ға қатысу бұл жоспарды іске асыруды жеңілдетуге жол береді. Ынтымақтастықты нығайта отырып, компания АХҚО, ҚТЖ, Қазпочта, Алматы мен Астана әкімшіліктері және Almaty Tech Garden сияқты ірі компаниялармен жұмыс жасап жатыр. Қазақстандық компаниялардың электронды алаңға шығуы енді ғана басталды. Казірдің өзінде Jumore-да шамамен 50 қазақстандық компаниялар бар. Мысалы, бұлар – «Алина» бояулары, Лепсі балы және т.б.
Анықтама ретінде: Jumore 60 мыңнан аса мемлекеттік компанияларды біріктіреді және 148 елде өз ісін атқаруда. 2016 жылы Jumore электронды алаңның сауда айналымы 160 млрд. Құраса, осы жылы 800 млрд. айналым болжануда. Компания қызметі траншекаралық электронды сауда және логистикалық қызмет көрсетуді келесі салаларда қамтиды: химиялық, түсті металдар, пайдалы қазбалар, энергетика, құрыш құю және ауыл шаруашылық өнімдері. «Jumore» электронды сауда алаңының артықшылығы компанияның «Бір белдеу – бір жол» мемлекеттік стратегиясын белсенді енгізіп, экономиканың нақты секторының дамуына үлесін қосып жатқаны болып табылады. Бұл жайт осы компаниямен ынтымақтасу бойынша Қазақстанды басым серіктеске айналдырады.
Дереккөзі: http://palata.kz