VIII Форум (2020)

Қазақстан машина жасаушыларының VIII Форумы

және машина жасау мен металл өңдеу бойынша бірінші халықаралық мамандандырылған көрме

Қазақстан машина жасаушылар Одағы 2020 жылдың 17-18 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы (бұдан әрі – Форум) өтетіндігін хабарлайды.

Форум аясында 2020 жылдың 16-18 қыркүйек аралығында ЭКСПО Халықаралық көрме орталығында машина жасау және металл өңдеу бойынша бірінші халықаралық мамандандырылған «Kazakhstan Machinery Fair 2020» көрмесі өтеді.

Форумды Қазақстан Республикасы Үкіметі және «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі,  Қазақстан машина жасаушылар Одағы мен «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы ұйымдастырады.

Форумға 1000-нан астам делегат, жетекші қазақстандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, орталық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтар және машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушылары қатысады деп күтілуде.

«Kazakhstan Machinery Fair 2020» – бұл отандық машина жасаушыларға заманауи құрал-жабдықтармен, материалдармен танысудың тиімді құралы.

Форум мен көрме өндірілетін өнімді жылжыту, бизнес мәселелерін шешу, сондай-ақ әлеуетті серіктестермен және тұтынушылармен жеке байланыс орнату үшін мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат + 7 (7172) 79-27-95 және info@smkz.kz  эл. мекен-жайы бойынша алу мүмкін.

Көрмеге қатысу мәселелері бойынша +7(7172) 64 23 23 ( ішкі. 205) Калиева Розамен хабарласуға болады, эл. мекен-жайы: roza@astana-expo.com

 

Форум ұйымдастырушылары

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қазақстан машина жасаушылар Одағы


Қолдаушылар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы