Мемлекет ғылыммен айналысатын бизнеске ақшамен қолдау көрсетеді

Ғылыми зерттемемен айналысатын Қазақстандық кәсіпкерлерге Үкімет гранттық көмек көрсететін болады. Бұл туралы «Ғылым Фонды» АҚ координаторы Гомар Кажкенов Павлодарда өткен отандық кәсіпкерлермен және жүйе құрушы кәсіпорындармен дөңгелек үстел үстінде мәлімдеді, «Казинформ» ХАА тілшісі хабарлайды.

«Ғылым Қоры» АҚ координаторы ұйымның коммерциялау жобаларын әзірлеу бойынша гранттық қаржыландырудың операторы болғанын мәлімдеді. «Бүгінгі таңда инновациялар – табысқа жетудің кілті. Ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізусіз еш бір өндіріс тіпті ТМД елдерінің өзінде бәсекелесе алмайды. Сондықтан Үкімет өткен жылдан бастап бұл істе белсенді жұмыс атқаруда», – деп Гомар Кажкенов мәлімдеді.

Ол зерттемелерді коммерциялау бойынша арнайы заң шығарылғаны жайында ескертті. «Енді ғылымның бизнеске пайдасы тию үшін көп ақша бөлінетін болады. Зерттемелер қолданбалы және де өз бастамасын өндірістен алу керек. Ғылым өндірстегі мәселелерді шешуде жұмыс істейді. Ақша сомасы аз емес – бір грантқа 300 млн. теңге. Ғылым мұндай ірі жобаларды өз бетімен іске асыра алмайды. Ғылыми ұйым өз зерттемесімен өтініш беруші болса, өндіріс бұл зерттемелерді іске асыру қажет. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 31 жобаның 24-де бизнес қатысуда. Біз сізді осы жобаларда белсенді қатысуға шақырамыз. Сонымен қатар, біз «NADLoC» АҚ-мен тығыз жұмыс істеуге үміттенеміз, себебі кәсіпорындарға өз ісін жалғастыру және бәсекеге төзім болу үшін ғылыммен бірлесіп жұмыс істеу қажет», – деп Гомар Кажкенов мәлімдеді.

«NADLoC» АҚ төраға орынбасары Дмитрий Усовтың айтуы бойынша, ДСҰ мен ЕАЭО-ға кіргеннен бастап қолдау көрсетудің жаңа тәсілдемелері дамытылып жатыр. Ол 2017 жылдың 3 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде мемлекет Басшысы елдің әр ірі кәсіпорнында жергілікті қамтуды арттыруды және бизнеспен бірлесе отырып жергілікті қамту мәселесі бойынша нақты мақсатты көрсеткіштерді белгілеуді тапсырғанын ескертті.

Осыған орай, NADLoC  ірі компаниялардың технологиялық процесстеріне қажетті тауарларда қажеттілік талдауын өткізіп, Павлодар облысындағы отандық өндірушілердің әлеуетін зерттеді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында Дмитрий Усов NADLoC-тың тұрақты сұраным тауарларының тізімін өндірушілерге жіберетіне уәде берді. Өндірушілер бұл тізімді мұқият зерттеп, оның ішінен әлі өндірілмейтін бірақ жаңғыртудың көмегімен өндіруге болатын тауарларды белгілеуі қажет.

«Бізбен тікелей жұмыс істейтін компаниялардың тізіміне сізді қосу үшін бұл бізге жақын арада керек. Бұл жұмысқа бізде Әкімшілік пен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы тартылды. Біз осы тізімге кірген әр кәсіпорынға нақты бір қызметкерді тағайындайтын боламыз», – деп Усов атап өтті.

Ірі жүйе құрушы кәсіпорындардың сатып алуларында импортты алмастыру бағдарламасының әрі қарай даму мәселесі қарастырылған іс-шараның ұйымдастырушысы рөлін ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнің  «NADLoC жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ атқарды.

Мәжіліске Павлодар әкімшілігінің, «Атамекен» өңірлік палатасының, Қазақстан машина жасаушылар одағының, «Ғылым Қоры» АҚ, KAZMinerals, «Қазақмыс Корпарациясы» ЖШС, «Евразиялық группа» ЖШС, «Казцинк» ЖШС және жаңа өнімдерді шығаруғы дайын Павлодар қаласы мен облысының 20-дан астам отандық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Мәжілістің аясында қатысушылар Павлодар отандық өндірушілерінің өңдіріс алаңдарын аралап шықты. Бұл – «КазЭнергоКабель» АҚ және «Павлодар электрод зауыты» ЖШС.

Дереккөзі: inform.kz