Қазақстанда шығарылған автокөліктер Тәжікстанға экспортталуда

AllurGroup компаниясы құны $600 000 Қазақстанда құрастырылған 55 JAC автокөліктерін «Азия Групп Таджикистан Холдингі» үшін тиеп бітірді. 

Жобаның аясында барлығы 1000 JAC автокөліктері жеткізілетін болады. Жобаның жалпы құны $10,5 миллионға бағаланады. Жоба Қазақстан даму банкімен қаржыландырған, қаражат автокөліктердің өндірісін ұлғайтуға бағытталған, соның ішіне лицензиялы автокөліктерін ұсақ бөлшекті құрастыруға арналған машинажиынтығын сатып алу  кіреді.

Сәуір айында AllurGroup компаниясы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының және Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің көмегімен «Азия Групп Таджикистан Холдингімен» келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша Тәжікстан астанасының таксомотор паркін жаңарту мақсатымен Душанбеге 2018 жылдың соңына дейін Қазақстанда шығарылған автокөліктер жеткізілетін болады. Душанбеге жеткізіліп жатқан барлық автокөліктер «СарыаркаАвтоПром» зауытында өндірілген.

Компанияның экспорттық әлеуетінің ұлғаюына байланысты AllurGroup қостанайлық зауытының алаңында өндіріс көлемі артуда. Осы жылдың алғашқы 5 айында өндірістің өсімі 440% құрады, соның ішінде жаңа брендтер моделдерінің өндірісін іске қосу есебінен. AllurGroup компаниялар тобына кіретін СарыаркаАвтоПром (САП) – жеңіл автокөліктердің пісіру мен бояуды қамтитын ұсақбөлшекті құрастыруымен айналысатын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын.    

Дереккөзі: Қазақстан даму банкі