Ақпан айында Қазақстан машина жасаушыларының одағы сала кәсіпорындарын дамыту және қолдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ өндірістік белсенділікті ынталандыруға және кооперацияны кеңейтуге бағытталған бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырды.
АЙДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ
13 ақпан
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы Машина жасау және металл өңдеу комитетінің отырысы өтті. Отырыс барысында саланы дамыту мәселелері қаралып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді.
ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕРМЕН ЖҰМЫС
Ақпанда негізгі тақырыптар мен мәселелер талқыланған 4 отырыс өткізілді:
1. Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі туралы.
2. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарларды тіркеу туралы.
3. «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қолдау шаралары туралы.
4. Тауарлардың Ұлттық каталогын енгізу туралы.
5. «Profland-RT» ЖШС қызметі туралы.
6. Одақтың атқарған жұмысы туралы ақпарат.
МЕМЛЕКЕТТІК, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісімен және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп машина жасау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленуде («Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңы аясында бизнес субъектілерін санаттау критерийлері, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарға шағымдану тетігі, офтейк-келісімшарттар жасасу, қосарлы оқыту).
2. Машина жасау жөніндегі салалық комиссия құрамында қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің жұмыс тетіктерін жетілдіру бағытында жұмыс жүргізілді. Оның мақсаты – отандық өндірушілер үшін барынша ашық әрі ыңғайлы құрал қалыптастыру.
3. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығымен жұмыс кездесулері өткізілді, онда ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
4. Қазақстан машина жасаушыларының одағы XII Форумының қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жалғастыруда. Аталған ұсынымдар келесі бағыттарды қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді қамтиды:
• отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету;
• Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесін енгізу;
• ЭКСЖ бойынша Ұлттық жобаны іске асыруға отандық тауар өндірушілердің қатысуы;
• өнеркәсіптік робототехниканы енгізуге бағытталған бағдарламалық құжатты қабылдау, сондай-ақ экономиканың басым салалары үшін жабдықтар мен автоматтандыру құралдарын өндіруді ынталандыру арқылы еңбек өнімділігін арттыру.
5. 2026 жылғы 2–3 сәуірде Астанада өтетін XIII Қазақстан машина жасаушылар форумына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
XIII Қазақстан машина жасаушыларының форумына қатысу үшін шетелдік кәсіпорындарды, қауымдастықтарды, іскерлік қоғамдастық өкілдерін, машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушылары мен жетекші өндірушілерін тарту бойынша жұмыс жүргізілді.
Форумға 20-дан астам елден 1 000-нан астам қатысушының қатысуы күтілуде.