Варшавада “Польша – Қазақстан” сауда-инвестициялық форумы өтті

Варшавада “Польша – Қазақстан” сауда-инвестициялық форумы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі және ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті Польшаның Инвестициялар және сауда агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Форум жұмысы Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға, екі елдің іскер серіктестері арасында қолданыстағы және жаңа тікелей байланыстарды нығайтуға, инвестициялық жобаларды, бизнес үшін қолдау мүмкіндіктері мен тетіктерін таныстыруға бағытталған.

“Сауда және өнеркәсіп секторындағы ынтымақтастық әлеуеті” панельдік сессиясы аясында Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев өнеркәсіптік ынтымақтастықтың тұрақты дамуының маңыздылығын атап өтті.

“Польша орталық және Шығыс Еуропа елдері арасында Қазақстанның жетекші сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 100-ден астам поляк компаниясы жұмыс істейді. Біз машина жасауда бірлескен кәсіпорындар құру арқылы өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделіміз. Біздің басты міндетіміз-қазақстандық экспортты ілгерілету және сапалы инвестиция тарту”, – деді Мейрам Пішембаев.

Сондай-ақ, іс-шара аясында қазақстандық делегация поляк компанияларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Польшаның өнеркәсіптік даму агенттігімен кездесу барысында өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын атап өтіп, сындарлы диалогты жалғастыруға өзара дайындығын растады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.