Польшалық FASING S. A. компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев өнеркәсіптік тізбектерді өндіру жөніндегі поляк компаниясының вице-президенті Бик Матеушпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Шетелдік компания өкілдері өнеркәсіп секторларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

“Біздің өнімнің негізгі өткізу нарықтары тау-кен өнеркәсібі, энергетика, автоөнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, теміржол көлігі, кеме жасау және т.б. болып табылады. Компания өз іс-әрекеттерінде ең алдымен инновацияларды және заманауи шешімдерді қолдануды басшылыққа алады. Бүгінгі таңда бізде темір ұстасы өндірісін кеңейту бойынша жобалар бар”, – деді Бик Матеуш.

Өз кезегінде Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев жобаны іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. “Өндірістік қуаттарды кеңейту үшін Қазақстанды таңдағаныңызға алғыс айтқым келеді. Әрине, біз өнеркәсіптің заманауи және технологиялық өндірістерін іске асыру үшін инвестиция тартуға мүдделіміз”, – деді Мейрам Пішембаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.