Тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері туралы

2023 жылғы 13 шілдеде “Қазақстан машина жасаушылар одағы” ЗТБ өңірлік өкілдерімен апта сайынғы отырыс өтті. Күн тәртібінде тауарлардың шығарылған елін айқындау саласында мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан реформа туралы мәселе талқыланды.

Отырыс барысында “Атамекен” ҚР ҰКП тауардың шығу тегін сертификаттау департаментінің директоры Самат Садықов баяндама жасады. Ол тауардың қазақстандық шыққанын растайтын жаңа құжаттың сызбасын әзірлеу мәселелері бойынша жұмыс тобының атқарған жұмысының қорытындылары туралы айтып берді.

Аталмыш жұмыс тобы тауар өндірісіндегі оқшаулау үлесін нақты растау, қазақстандық тауарлар тізілімі, сараптама ұйымдары мен сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды күшейту, қазақстандық тауар өндірушілерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу және тізілімді іске асыру үшін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты ұсыныстар дайындады.

Өз кезегінде отырысқа қатысушылар “Атамекен” ҚР ҰКП өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарын айтып, одан әрі талқылау жүргізу қажеттігін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.