Күн саны

Машина жасауды дамытудың негізгі бағыттарының бірі жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, салаға қосымша инвестициялар тарту, бәсекеге қабілетті өнімнің жаңа түрлерін игеру және олардың құн мен жеткізу тізбегіне енгізу, олардың технологиялары мен құзыреттерін трансферттеу, ҒЗТКЖ дамыту және т. б. бөлігінде машина жасау өнімін жаһандық жеткізуші-өндірушілерді елге тарту болып табылады.

Саланың негізгі капиталына 62 млрд теңгеден астам инвестиция салынды (135 млн АҚШ доллары), 245 млн АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.

Шетелдік әріптестермен бірлескен жобалар саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі уақытта бұл салада General Electric, General Motors, Alstom, Siemens, LG, CLAAS, Boehmer, Linde AG, WILO, Wabtec, JAC, КАМАЗ және басқалары сияқты әлемдік компаниялар жұмыс істейді.

Мемлекет инвесторларды қолдауға басымдық береді. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған шаралар заңнамалық түрде бекітілген.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.