“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ еншілес тәуелді компанияларының жұмыстары мен қызметтеріне салынған тауарларды сатып алу туралы

2023 жылғы 10 тамызда “Қазақстан машина жасаушылар одағы” ЗТБ өңірлік өкілдерімен апта сайынғы отырыс өтті. Күн тәртібінде “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ”АҚ еншілес тәуелді компанияларының жұмыстары мен қызметтеріне салынған тауарларды сатып алу мәселесі талқыланды.

Отырыс барысында “Самұрық-Қазына Келісімшарт” ЖШС импортты алмастыру, тізілімдер және жергілікті қамтуды дамыту департаментінің директоры Нұрлан Шәріпов баяндама жасады.

Нұрлан Шәріповтың айтуынша, бүгінгі күні осы бағытта ақпараттандыру мақсатында екі кезеңнен тұратын жоба әзірленуде. “Жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету шеңберінде сатып алынатын тауарлар тізбесі қорының Сатып алу веб-порталында жарияланымдарды орналастыру қарастырылуда. Сондай-ақ, Қордың сатып алу веб – порталында мердігерлер, ОТӨ-нен немесе жеткізушілерден тауарлар сатып алу бойынша қосалқы мердігерлер үшін жеке алаң әзірлеу”, – деп атап өтті Нұрлан Шәріпов.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.