Отандық тауар өндірушілердің өзекті мәселелері талқыланды

2023 жылғы 17 тамызда “Қазақстан машина жасаушылар одағы” ЗТБ өңірлік өкілдерімен апта сайынғы отырыс өтті. Жиында отандық тауар өндірушілердің проблемалық мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында “ҚазАвтоПром” Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы” ЗТБ, “AGROMIR” компаниялар тобы, “Бемер Арматурен Қазақстан” ЖШС, “ДАФА” фирмасы ЖШС өкілдері өзекті мәселелері мен ұсыныстарын айтты. Өз кезегінде, “Атамекен” ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің өкілі палатаның проблемалық мәселелер тізілімін қалыптастыратынын атап өтті. Содан кейін жиналған ақпарат уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі. Осыған байланысты отандық тауар өндірушілер өз мәселелерін шешу жолдарын қарау үшін сауалдарын “Атамекен” ҰКП-на жібере алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.