“Нұр-Сұлтан” кемесі Оралда суға жіберілді
Оралда “Нұр-Сұлтан” кемесін суға түсіру рәсімі өтті. Кеме “Қазақстан инжиниринг” Ұлттық компаниясының құрылымына кіретін “Зенит” Орал зауыты”АҚ стапельдерінде салынды. Бұл туралы сандық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Нұр-Сұлтан” кемесі зауыт үшін 30-шы орынға табан тіреді. Ол ҰҚК Шекара қызметі үшін дайындалған. Кемеде қазіргі заманғы қару-жарақ орнатылған, бұл жауынгерлік қолданудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Өндірушілердің мәліметтері бойынша, кеме теңізде жүзу сапасы бойынша қажетті сипаттамаларға ие: жоғары жылдамдық, басқарудағы қарапайымдылық, талап етілетін тұрақтылық дәрежесі, кең қолдану радиусы, қажетті автономдық және эргономика.
Кеме мемлекеттік шекараның аумақтық суларын және Қазақстанның континенттік қайраңын күзетуді, заңсыз кеме қатынасының жолын кесу мақсатында патрульдеуді, контрабандалық операцияларды, заңсыз балық аулауды, бұзушы кемелерді өз бетінше, сондай-ақ басқа кемелермен, катерлермен және авиация құралдарымен бірлесіп ұстап алуды қамтамасыз етуге арналған.
Суға түскеннен кейін кеме Орал өзені бойымен Каспий теңізіне жеткізіледі, онда оған әр түрлі сынақтар өтіп, кейін Тапсырыс берушіге тапсырылады.