AsiaTrafo зауытының тұсаукесері

Бүгін Шымкент қаласында AsiaTrafo зауытының салтанатты тұсаукесері өтуде!

Қазақстан машина жасаушылар Одағы Сіздерді ресми ашылумен құттықтайды және табысты жобаларды тілейді!

Тұсаукесерде Одақтың Басқарма Төрағасының орынбасары – Е. К. Маканов бастаған делегациясы құттықтады:

“Бүгінгі күні отандық машина жасау картасында тағы да бір жаңа кәсіпорын пайда болды.

Оның жарқын мысалы – біздің еліміз осы уақытқа дейін импорттап келген жоғары вольтті күш трансформаторларын, автотрансформаторларды, шунттаушы реакторларды шығаратын сіздердің жаңа зауыттарыңыз болып табылады.

Зауыттың ұжымына көркею, алға қойған барлық мақсаттарына қол жеткізу, жаңа нарықтарды меңгеру және ел экономикасының дамуына қосатын үлесті арттыруды тілеймін”.

AsiaTrafo зауыты Орта Азиядағы кернеуі 110 — 500кВ диапазонында қуатты трансформаторлар өндіретін  жалғыз  кәсіпорын.  Аталмыш кәсіпорын  электротехникалық жабдықтар өндіруші  компания –  “Alageum Electric”  құрамына кіреді.