«Mechanik-Steel KZ»ЖШС

Қазақстан машина жасаушылар Одағының жаңа қатысушыларының бірі – Mechanik-Steel KZ 2019 жылдың наурызында CT-KZ алды.

Одақ Mechanik-Steel KZ компаниясын «Made in KZ» мәртебесін алуымен құттықтайды және жаңа кәсіби жеңістер тілейді.

«Mechanik-Steel KZ»ЖШС өз қызметін Алматы қаласы әкімшілігінің тапсырысы бойынша көшедегі орындықтар, урналар және басқа да коммуналдық жабдықтар дайындаудан бастады.

“Mechanik-Steel KZ” ЖШС қол жеткізген жетістіктеріне тоқтамай, қазір компания азық-түлік және буып-түю өнімдерін, сондай-ақ құрылыс және лак-бояу материалдарын өндіруге арналған станоктар мен агрегаттарды дайындайды.

 

Mechanik-Steel KZ келесі бағыттар бойынша қызметтер мен тауарларды ұсынады:

* Токарлық станоктардағы бұйымдар

* Құрылыс өндірісіне арналған бұйымдар

* Шағын сәулет нысандары

* Металл өңдеу бойынша қызметтер

Mechanik-Steel KZ-тің жұмысы ең өзекті және жаңа бизнес-идеяларды сәтті жүзеге асыруға бағытталған.

Байланыс: Алматы қ., Алатау ауданы, Нұрпейісов к-сі, 1, +77081041167.