“ҚИДИ” АҚ отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу туралы хабарлайды

Қазақстандық индустрияны дамыту институты” АҚ (“ҚИДИ” АҚ) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің (экспорттаушылардың) отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу туралы хабарлайды.

2019 жылға Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге 10,4 млрд.теңге мөлшерінде сома қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, “ҚИДИ” АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 75 қаулысына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға (ҚР ИИДМ) қызмет көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыратын экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институты болып белгіленді.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларды жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай түрлер бойынша жүргізіледі::

1) шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындар;

2) шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға арналған шығындар;

3) шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеуге, шет тілдеріне аударуға және шығаруға байланысты шығындар;

4) шетелде өкілдікті, сауда нүктесін және қойманы ұстауға арналған шығындар;

5) шетелде тауар таңбаларын (брендін) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар;

6) тауарларды шетелде сертификаттауға байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар;

7) тауарларды темір жол көлігімен және/немесе автомобиль көлігімен жеткізуге байланысты шығындар (ҚР шегінде).

Бұл ретте, Ережеге сәйкес ең жоғары өтем мөлшері бизнес мөлшеріне қарамастан 13 000 (он үш мың) АЕК немесе 32,8 млн.теңгеден аспауы тиіс.

Тасымалдауға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері ағымдағы жылға бөлінген қаржы қаражатының 1/50-нен немесе бір субъектіге 200 млн.теңгеден аспайды. Жүк автомобилін тасымалдауға арналған Лимит 1 километрге 300 теңгеден аспайды.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға өтінім беру мерзімдері туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Нұр-сұлтан қ., Д. Қонаев к-сі, 8, “Изумрудный квартал” БО (блок Б, 34-қабат), Тел.+7 (7172) 98 37 81 / 89 (1082, 1142, 1143, 1144), электрондық пошта: info@kidi.gov.kz