IMB орталығы мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған Форум өткізді

2022 жылғы 13 мамырда Нұр-сұлтан қаласында ҚР Энергетика министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталығы» Қазақстан Республикасында мұнай-газ машинасын жасау саласын дамытуға арналған Форум өткізді.

Аталған іс-шарада үш ірі оператор – Теңізшевройл ЖШС, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. презентациямен баяндама жасады.

Форумның ресми бөлімінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Р. В. Скляр, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Б. О. Ақшолақов, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Р. А. Баймышев, «Қазақстан машина жасаушылар одағының» Басқарма Мүшесі Павел Беклемишев сөз сөйледі.

Павел Беклемишев өз сөзінде, ҚМЖО Орталықты құруда негізгі бастамашыларының бірі болғанын және елдегі машина жасау кәсіпорындарының ірі қоғамдық бірлестігі болып табылатынын атап өтті. Алайда, бүгінгі күні Орталық осы саладағы ҚМЖО-мен толық өзара іс-қимыл жасамай отыр. Бұл орталық қызметінің тиімділігін едәуір төмендетеді, ол мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға жәрдемдесуі және сол арқылы үш ірі халықаралық компанияға өзіне алған міндеттемелерін орындауға көмектесуі тиіс. Павел Беклемишевтің айтуынша, бірінші кезектегі міндет процестің барлық қатысушылары арасында өзара, сенімді ақпарат алмасуды ұйымдастыру болып табылады.

Отандық және халықаралық өндірушілерге, тиісті мемлекеттік органдарға және басқа да мүдделі талаптарға таныстыру мақсатында IMB Орталығының Бас директоры М. Ш. Кәрімов атқарылған іс-шаралардың нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы толығырақ айтып берді.

Шараға шетелдік және отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының, қауымдастықтар мен даму институттарының, мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.

Форум мүдделі тараптарды Орталықтың ағымдағы қызметі туралы ақпараттандыратын алаңға айналды, форумға қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.