Aлмaты aуыр мaшинa жacaу зaуытына 79 жыл!

Қазақстан машина жасаушылары Одағы  Aлмaты aуыр мaшинa жacaу зaуытының  ұжымын 79 жылдық атаулы күнімен құттықтайды!

Өзінің көпжылдық тарихында Aлмaты aуыр мaшинa жacaу зaуыты соғыстан кейінгі қалпына келтіру мен жаңғыртудан бастап, біліктілікті арттыру және инновациялық технологияларды енгізу мен дамытудың даңқты жолынан өтті.

Бүгінде Aлмaты aуыр мaшинa жacaу зaуыты тұрақты негізде жаңа өнімдер желісін дамыту мен экспорт және импорт алмастыруға белсенді үлесін қосып отырған отандық машина жасау флагмандарының біріне айналды.

Даңқты еңбек жолы жаңа жобалар мен белгіленген жоспарларды іске асыруға мүмкіндік туғызсын! Ұжым мүшелеріне зор денсаулық, табысты еңбек, тұрақтылық пен өркендеуді тілейміз!