Қазақстан машина жасаушылар Одағының құрамына жаңа қатысушылар кірді

2020 жылғы 6 қарашада Қазақстанның машина жасаушылар Одағы басқармасы Одақ құрамына 5 жаңа қатысушыны қосу туралы шешім қабылдады:

  • «СМИТ-КАЗАХСТАН» ЖШС
  • «Завод дорожных знаков» ЖШС
  • «ALEM Energy Machinery» ЖШС
  • «ГлавСтрой-Юг» ЖШС
  • «КЭММ-2030» ЖШС

Естеріңізге сала кетейік, Одақ 590-нан астам машина жасау кәсіпорындарын, 8 салалық қауымдастықты біріктіреді және бүкіл Қазақстан бойынша 16 өңірлік өкілдері бар.

Біздің мақсатымыз-отандық машина жасау саласын дамыту және отандық машина жасау кәсіпорындарын шоғырландыру.

Одақ  жаңа қатысушылардың кіруі үшін ашық. Кәсіпорындар Одаққа шешуші дауыс құқығы бар қатысушылар ретінде немесе кеңесші дауыс құқығы бар қауымдасқан қатысушылар ретінде кіре алады.