Қазақстан машина жасаушылар Одағы Ажмағанбетов Қуаныш Мәдиұлын туған күнімен шын жүректен құттықтайды!

Еліміздің машина жасау саласына қосқан үлесіңіз бен мінсіз еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз! Экономикамыздың драйвері – машина жасау саласын дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген Сіздің тұлғаңыз алдыңғы қатардан орын алады.

Сіздің кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін барша әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Өзіңіз басшылық етіп отырған еліміздің ірі зауыттарының бірі – «Қайнар АКБ» зауыты отандық машина жасау саласының флагманы.

Осындай мерейлі сәтте Сізге әрі қарай да еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!