“Қазақстан машина жасаушылар одағы” ЗТБ өңірлік өкілдерімен жиын
2023 жылғы 22 маусымда “Қазақстан машина жасаушылар одағы” ЗТБ Өңірлік өкілдерімен апта сайынғы отырыс өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында бірыңғай сатып алушы арқылы электр энергиясын сатып алу және сату тетігіне көшу мәселесі талқыланды.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде іске қосу жоспарланып отырған мәндерден электр энергиясын нақты тұтынудың рұқсат етілген ауытқуларын (теңгерімсіздіктерін) бірыңғай сатып алушыдан сатып алынатын электр энергиясының құнынан жоғары тариф бойынша сатып алуды көздейді.
Кеңеске қатысушылардың айтуынша, аталған өзгерістер электр энергиясының сату бағасының өсуіне алып келеді. Алайда, бүгінгі күні электр энергиясының тарифі қанша пайызға көтерілетіні туралы нақты ақпарат жоқ.
Осыған байланысты Қазақстан машина жасаушылар Одағы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне және “Атамекен” ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына электр энергиясына жаңа тарифтерді енгізу мерзімдерін ұзарту туралы өтініш жолдайды.