Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстан-Германия бизнес-форумына қатысты

Астанада Қазақстан-Германия бизнес-форумында “Машина жасау, көлік және логистика” тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, Германия экономикасы шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс, “ҚТЖ” ҰК” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев, “Өнеркәсіпті дамыту қоры” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева, екі елдің компанияларының басшылары мен өкілдер қатысты.

Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев баяндама жасап, қазақстандық машина жасау жоспарлы және серпінді дамуын жалғастырып жатқанын атап өтті. Оған мемлекет тарапынан қолдау және отандық өндірушілердің өз күш-жігері ықпал етеді.

2022 жылы тауар импортының жалпы көлемі 50 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде 20 млрд доллар немесе 40% машина жасау өнімдері. Саланы 5 жылға дамыту бойынша әзірленіп жатқан кешенді жоспар импортқа тәуелділікті төмендетуге, ішкі өндіріс көлемін 2 есеге арттыруға және экспорттық әлеуетті 1,5 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

“Біз күш-жігерімізді біріктіріп, нәтижесінде екі ел арасындағы ынтымақтасттықты нығайта аламыз. Біз үшін неміс және қазақстандық машина жасаушылардың жаңа және сұранысқа ие жобаларды іске асыруға бірлесіп қатысуы өте маңызды”, – деді Мейрам Пішембаев. Жиын соңында Одақ басшысы неміс әріптестерін жемісті және өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырды. Қазақстан машина жасаушылар одағы қажетті қолдау көрсетеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.