Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма мүшелерімен кеңес өтті

3 шілдеде “Қазақстан машина жасаушылар одағы” ЗТБ-да Басқарма мүшелерімен кеңес өтті. Күн тәртібінің негізгі мәселесі одақтың атқарушы директоры Ө. Ержановтың “Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында бірыңғай сатып алушы арқылы электр энергиясын сатып алу және сату тетігіне көшу туралы” баяндамасы болды.

Ө. Ержанов Қазақстанның электр энергиясы нарығында бірыңғай сатып алушы арқылы электр энергиясын сатып алу және сату тетігіне көшу туралы “Электр энергетикасы туралы” ҚР Заңына өзгерістер енгізу көзделгенін баяндады.

Осы өзгерістер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдарға бірыңғай сатып алушыны және (немесе) онымен бірге адамдардың бір тобына кіретін тұтынушыларды қоспағанда, электр энергиясын өзге тұлғаларға сатуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан бүкіл ҚР бойынша бірыңғай сағаттық бағамен сатып алатын болады.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап нақты уақыт режимінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы енгізіледі, ол электр энергиясын нақты тұтынудың жоспарлы мәндерден бірыңғай сатып алушыдан сатып алынатын электр энергиясының құнынан жоғары тариф бойынша жол берілген ауытқуларын (теңгерімсіздіктерін) сатып алуды көздейді.

Осы өзгерістерге байланысты Қазақстан машина жасаушылар одағы ҚР Энергетика министрлігінен электр энергиясының тарифі қандай көрсеткіштерден қалыптастырылатынына, олардың өңірлік орналасуын көрсете отырып, электр энергиясына шекті тариф өзгертілетін энергия өндіруші станциялардың атауына, сондай-ақ бұйрыққа сәйкес олар кіретін энергия өндіруші станциялар тобының атауына қатысты ақпарат сұрады.

Өз кезегінде ҚР ЭМ электр энергетикасын дамыту департаменті директорының орынбасары Асылжан Мусин өзекті ақпарат “Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы” ЖШС сайтында жарияланатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол мемлекеттік органның өкілдері жаңа тетікті егжей-тегжейлі түсіндіру үшін бизнес өкілдерімен кездесулер өткізуге ашық және дайын екенін айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.