Қазақстан машина жасаушылар Одағы СБШ және КС дайындау бойынша өз жұмысын бастады

2019 жылғы 17 мамырда “Қазақстан машина жасаушылар одағы” ЗТБ  “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы базасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында “Машина жасау және металл өңдеу”бағыты бойынша салалық біліктілік шеңберін (СБШ) және кәсіби стандарттарды (КС) әзірлеудің негізгі тәсілдерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР цифрлық даму министрлігі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Жоғары оқу орындары мен Дүниежүзілік Банктің жобаларын басқару тобының өкілдері қатысты. Кеңестің модераторы- М. М. Ыдырысов болды.

Машина жасау және металл өңдеу саласындағы салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба шеңберінде Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылық қолдауымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстан машина жасаушылар Одағы әзірлейді.

Кеңеске қатысушыларға СБШ және КС әзірлеу бойынша ұсынылатын тәсілдер таныстырылды және қызметкерлердің кәсіби біліктілігі саласындағы бизнестің нақты қажеттіліктерін анықтау үшін машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары үшін сауалнама ұсынылды.

Кеңес барысында ҚР ИЫҰ жанындағы Машина жасау және металл өңдеу саласындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік бойынша салалық комиссия құру мәселелері талқыланды, қатысушыларға барлық қызығушылық танытқан мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, қатысушылардың барлық айтылған ұсыныстары назарға алынды.

Одақтың кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі алғашқы кездесуі сәтті өтті және Одақ осы бағытта жұмысын жалғастыруда.