Алматыда машина жасаушылардың жұмыс кездесуі өтті

14-16 мамыр аралығында Алматыда “Атакент” көрме орталығында “машина жасау және 2019 металл өңдеу”көрмесі өтті. Көрмеде дәстүрлі түрде машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі саласындағы соңғы жетістіктер таныстырылды.

Көрменің екінші күні Қазақстан машина жасаушылар Одағы дөңгелек үстел ұйымдастырып, Алматы қаласы мен Алматы облысының машина жасаушылар кәсіпорындары басшыларының басын қосты.

Аталған кездесуге 46 кәсіпорын өкілі, “АТАМЕКЕН” ӨКП 2 өкілі, 6 колледж басшылары қатысты.

“Қазақстан машина жасаушылар одағы” ЗТБ – ның ағымдағы кезеңдегі мақсаттары мен міндеттері туралы Одақтың басқарма мүшесі, Одақтың Алматы қаласындағы өңірлік өкілі-П. И. Беклемишев айтып берді.

Өңірде машина жасауды дамыту мәселелері және кәсіпорындардың Қазақстан машина жасаушылар Одағының қызметіне қатысу мәселесі талқыланды. Машина жасау кәсіпорындары арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру (мысалы, бірлескен чат құру).

Жұмыс кездесуінде кадрларды даярлау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды.

“АТАМЕКЕН” ӨКП адам капиталын дамыту бөлімінің бастығы В. М. Цзин машина жасаушыларды кәсіби стандарттарды әзірлеу, дуальді білім беру, ЖОО-мен және колледждермен ынтымақтастық мәселелерімен таныстырды, World Skills чемпионаттары туралы әңгімеледі.

“Атамекен” ӨКП сатып алу және жергілікті қамту бөлімінің сарапшысы Л. Я. Алексеева Қазақстанның үздік тауары байқауына қатысатын және жеңіп шыққан кәсіпорындар үшін жаңа перспективалар туралы айтып берді.

“АДЕМ” МК жетекші маманы К. С. Карабчеевтің сөз сөйлеуі қызықты болды, ол машина жасау кәсіпорындары үшін қазіргі заманғы технологиялық шешімдер: аддитивті технологиялар – технологиялық процесті оңтайландыру үшін қолдану тәжірибесі туралы айтты.

“TEST INSTRUMENTS” ЖШС басшысы Д. Тин көтерген 4.0 Индустрия стандарттары шеңберінде электр энергиясының шығынын төмендетудің жаңа технологиялары және жаңа электр өлшеу құралдары  туралы ақпарат  өте қызықтырды.

Қатысушылар жоғарыда аталған және басқа да мәселелер бойынша одан әрі даму жолдарын белгіледі. Кездесуді қорытындылай келе П. И. Беклемишев қатысушыларға жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, кездесуді аяқтай отырып, ҚР Машина жасауды одан әрі дамыту бойынша ҚР машина жасаушыларының VII Форумына бірлесе белсенді қатысуға шақырды.