«Шығыс» разрезінде жаңа алаң игеріле бастады
Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» разрезінде «Шығыс-2» карьер алабын ашу» жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыру шеңберінде жаңа алап игеріліп, көмірдің алғашқы тонналары жөнелтілді. Жоба құны 9,3 млрд теңге. Биыл кеншілер жаңа учаскеден 7 млн тонна көмір өндіруді жоспарлап отыр.
Көмірдің алғашқы легін SRs(K)-2000 №4109 роторлы экскаватор экипажы жөнелтті.
– Бұл экскаватор кездейсоқ таңдалған жоқ, – деді «ЕЭК» АҚ «Шығыс» разрезінің директоры Юрий Гончаров. – 2017 жылы «ЕЭК» АҚ «Шығыс» разрезінің роторлық экскаваторларын жаңарту бағдарламасының алғашқы кезеңі шеңберінде біз оны жаңарттық. Жаңа роторлы дөңгелек орнатылды, роторлы дөңгелек жетегінің бәсеңдеткіші, аудару жебесінің тірек құрылымы мен өзге жабдықтар ауыстырылды. Компания машиналарды жөндеуге 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады.
Жаңа учаскеден алғашқы көмірді жөнелтуге мәртебесі «Еуразиялық Топ» ЖШС Басқарма Төрағасы Серік Шахажановқа ұсынылды.
Жаңа учаскеде жабынды таужыныстарының қуаты 1015 метрді ғана, кейбір жерлерде 3 метрге дейін ғана. Яғни көмір беткі жақта орналасқан. Мамандар хабарлағандай, жаңа учаскедегі баланстық қорлар 558 млн тонна көмір.
Салыстыра айтсақ, қолданыстағы разрездің ең төмен өңделетін нүктесі – «-55» белгісі, жер беті деңгейінен 255 метр төмен орналасқан. «Шығыс-2» жобасын жүзеге асыру жалпы разрез бойынша ашу коэффициентін төмендетуге және көмір өндіруге жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа алапты аршу және қазу жұмыстарын қолданыстағы құрылғымен атқаруға мүмкіндік беретін технологиялар әзірленген.
Көмірді тасымалдау үшін төрт жаңа конвейер құрастырылды және қолданыстағы біреуі ұзартылды. Олардың жалпы ұзындығы 1610 метр.
– Конвейерлердің ең бірегейі – КЛП-5 конвейері саналады. Оны орнату оңай болмады. Өйткені оның көп бөлігі эстакадада орналасқан, оның арқасында конвейер екі темір жол станциялары: «Комсомольская» және «Юбилейная» темір жолдары арқылы өту мүмкіндігі бар. Оның ұзындығы 560 метр, – деді «ЕЭК» АҚ «Шығыс» разрезінің күрделі жөндеу бөлімі басшысының м.а., жобаның жетекшісі Виталий Болгов.
Сонымен қатар, жобаның бірінші кезеңінің шеңберінде 35 кВ және 6 кВ тарату жолдары құрылды, ПКТПБ 35/6 кВ кіші станциясы көшірілді және құрылды.
2018 жылы «ЕЭК» АҚ «Шығыс» разрезінің кеншілері тұтынушыларға 18 млн тоннадан астам көмір жөнелтуді жоспарлап отыр. Оның 7 тоннасы № 8 жаңа учаскеден өндірілмек.
Дереккөзі: «ЕЭК» АҚ корпоративтік байланыстар қызметі