КҚРҚК: Кәсіпкерлікке бірдей мүмкіншілік беру арқылы отандық өндірісті дамыту
23 шілде 2017 күні Нұр Отан партиясының Орталық аппаратында кәсіпкерліккті қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің (Кеңес) мәжілісі өтті. Бұл мәжілісте отандық өндірушілерге салықтық әкімшіліктендіру мәселесі бойынша қолдау көрсету қарастырылды.
Мәжілістің модераторы рөлін ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты, «Нұр Отан» партиясындағы кәсіпкерлікке қолдау көрсету бойынша Реуспубликалық қоғамдық кеңестің Төрағасы Пшембаев М.К. атқарды.
Мәжілістің жұмысына ҚР ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Даленов Р., инвестициялар және дамытудың бірінші вице-министрі Айдарбаев А., ҚР Мәжіліс және Сенат депутаттары, «Атамекен» ҰКП өкілдері және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.
Мәжілісті аша отырып, Кеңес Төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты М. Пшембаев «Қазақстанның ДСҰ-ға (ВТО) кіргеннен кейін отандық өндіріске арналған салықтық преференциялардың бірқатары күшін жойды. Мысалы, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы экономикалық аймақтарда дайын өнімдерді өндірумен айналысатын кәсіорындар ҚҚС төлейтін болса, кейбір импорттаушылар ұқсас өнімдерді Қазақстанға қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесімен әкелуде. Осындай жағдай еш бір мемлекетте кездескен жоқ». – деп атап өтті.
Осы мәселе бойынша АО «Агромашхолдинг», АО «Alageum Electric», ТОО «Алматинский вентиляторный завод» сияқты ірі компаниялардың басшылары өз ойларымен бөлісті.
Отандық өндірушілердің қалыптасқан жағдайды ретке келтіру бойынша ұсыныстары Кеңес, ҚР Сенат пен Мәжіліс депутаттары, қоғам және партия қайраткерлерімен толығымен қолданды.
Мәжілісте жеңілдетілген салық мөлшерлемесімен әкелінетін тауарлардың тізімінен Қазақстанда өндірілетін ұқсас тауарлары барларын алып тастау шешілді.
Сонымен қатар, лизингтік құралдардың қолжетімділігін жақсарту, инвестициялық шарттар жүйесін жетілдіру және де жалған өндірушілермен күресу тәсілдері бойынша ұсыныстар талқыланды.
Мәжілістің қорытындысы бойынша ҚР Үкіметіне жіберілетін нақты ұсыныстардың бірқатары қабылданды.
Дереккөзі: «Нур Отан» партиясының баспасөз қызметі