Астанада жергілікті қамту мәселелері бойынша семинар өтті

21 маусым 2017 ж. NADLоC жергілікті қамту мәселесі бойынша семинар ұйымдастырды.Семинар жұмысына бәсекеге жарамдылық мәселелері бойынша Казақ-Британдық орталықтың профессоры Елена Калюжнова қатысты.

Профессор өзінің презентациясында жергілікті қамту саясатының классификациясы, жергілікті қамту ісімен қатар жүретін мәселелер және халықаралық тәжірибе жайында түсініктеме берді.

Қазіргі кезде ғылыми әдебиетте протекционизм саясатының әсері жайында бірыңғай көзқарас қалыптаса қойған жоқ. Атап өтетін болсақ, бір авторлар жағымсыз әсер туралы айтатын болса, басқалар дамып келе жатқан салаларды қорғау олардың күшеюіне және келешекте бәсекеге төзім болуына алып келетіне сенімді.

Семинар қатысушылары Солтүстік Теңіздегі жергілікті қамту моделдерімен және нарықтары қалыптасып жатқан Ресей, Бразилия сияқты елдердің жергілікті қамту моделдерімен таныстырылды.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша жергілікті қамту нәтижелерінде елеулі айырмашылықтар бар екені атап өтілді. Олардың кейбіреулері саясаттың қолданылу мерзіміндегі айырмашылықтарға жататын болса, басқалары жергілікті қамту мәселесі бойынша саясаттың қызмет істеу және саланың не толығымен экономиканың өсуіне жеткізетін потенциал шарттарын қалыптастыратын негізгі макроэкономикалық және институциялық ерекшеліктермен байланысты.

Презентацияның толық нұсқасын сілтеме арқылы жүктеуге болады.

Дереккөзі: Қазақстан машина жасаушылар одағы