Қазақстандық локомотивтер Моңғолияға экспортталды
«Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы («Локомотив» АҚ) локомотивтерді өндіруде жаңа стандарттарды Қазақстанның ішкі нарығында ғана емес әріптес елдерге де бекітті. «Локомотив» Моңғолияға 4 локомотив жеткізіп өзінің әлемдік деңгейін көрсетті.
ЛҚЗ өзінің теміржол техникасы өндірісінде жоғары сапасымен және технологиялық инновациясымен белгілі. Зауыт ішкі нарықпен шектеліп қалмай, ол әртүрлі елдермен белсенді ынтымақтасып, осылайша теміржол жүйесінің дамуы мен ұлттың мобильділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Бүгін «Локомотив» – 4 заманауи локомотивтерді Моңғолияға сәтті жеткізіп өз тарихындағы кезекті маңызды кезеңін атап өтуде. Бұл келісім-шарт жеткізу географиясын кеңейтудегі маңызды қадам болды.
«ЛҚЗ» АҚ-ның локомотивтері жоғары тиімділігі, қауіпсіздігі және
беріктілігімен ерекшеленетінін атап өту маңызды, бұл оларды әлемдік нарықта сұранысқа ие етеді.
Бүгінгі таңда Қоғам өзінің бүкіл әлемдегі әріптестерімен байланысын нығайтуда және бұл олардың әлемдік қадамының бастауы. Қазақстандық компания көлік инфраструктурасын жақсартудағы рөлімен және әлемдік теміржол саласындағы көмегімен мақтанады. Осы уақытта Қоғам өзінің локомотивтерін Әзірбайжан, Украина, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, және Қырғызстан сияқты елдерге өндіріп жеткізді. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ локомотив өндірісі әлеміндегі жаңа биіктерге көтеріліп, саладағы жетекші көшбасшылардың бірі болып қала отырып, алға жылжуды жалғастыруда.