Астанада елішілік құндылықты дамыту жөніндегі кеңес өткізілді
Елордада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың төрағалығымен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында елішілік құндылықты дамыту мәселелері талқыланды.
Аталған кездесуге Қазақстан машина жасаушылар Одағы Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов, сондай-ақ Энергетика мен Қаржы министрліктерінің, QazIndustry АҚ, тау-кен компанияларының басшылары, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазАтомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Қарашығанақ», «Петролиум Оперейтинг Б.В.», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өкілдері және отандық өндірушілер қатысты.
Осы кездесудің негізгі мақсаты – жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында елішілік құндылықты дамытудың жолдарын талқылау. Мұндай форматтағы кездесу бірінші рет өтіп отыр. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмасының шеңберінде іске асырылып жатқан жұмыс.
Талқылау барысында отандық тауар өндірушілер ірі жер қойнауы пайдаланушылары тарапынан өнімді өткізу үшін келісімшарттар жасасуға кедергі келтіретін өзекті мәселелерді жеткізді. Кеңес соңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі аталған ұсыныстар мен мүдделі тараптардың ескертулерін ескеріп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру жөнінде тапсырма берді.