Қазақстан машина жасаушылар одағының өкілдері Тюрингия делегациясымен кездесті
Кездесуге Қазақстан машина жасаушылар Одағы Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов, Қазақстан машина жасаушылар одағы директорының орынбасары Қуаныш Тайшибеков, Тюрингия Экономикалық даму агенттігі бас директорының орынбасары Арнульф Вульфф, Тюрингия Экономикалық даму агенттігінің Шығыс Еуропа бойынша жобалар жетекшісі Ирина Хесс, сондай-ақ кәсіпорын басшылары қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан машина жасаушылар Одағы Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов отандық машина жасау саласының дамуы туралы айтып берді. Ол қазақстандық машина жасау жоспарлы және серпінді дамуын жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Оған мемлекет тарапынан қолдау және отандық өндірушілердің өз күш-жігері ықпал етеді.
“2022 жылдың қорытындысы бойынша саладағы өндіріс көлемі 9% – ға өсіп, 6,8 млрд АҚШ долларын құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 10% – ға өсіп, 258 млн. АҚШ долларына жетті. Сондай-ақ, машина жасау өнімдерінің экспорты 2 есе өсті, ақшалай түрде 3,8 млрд. АҚШ доллары”, – деді Ерқанат Мақанов. Өз кезегінде шетелдік делегация ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді. Екіжақты ынтымақтасты нығайту мақсатында жаңа жобаларды іске асыру қарастырылуда.