Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Қазақстан Республикасының Француз Республикасына ресми делегациясының құрамына ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы М.Пішембаев қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация Францияның ірі кәсіпкерлерімен кездесті. Іс-шараға Total Energies, Orano, Saint-Gobain, Boehringer Ingelheim France, Soufflet Group, BPI France, Vicat, Syctom, Pellenc, fict, Airbus және басқа да ірі компаниялардың басшылары қатысты.
Машина жасау саласы үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Alstom компаниясының бас атқарушы директоры Анри Пупар-Лафарждың кездесуі маңызды болды.
Alstom жақын арада жылжымалы құрам мен теміржол көлігі инфрақұрылымына арналған электровоздар мен жабдықтарды өндіру, сервистік қызмет көрсету жөніндегі жобаларды іске асыруға 50 млн еуро инвестициялауға ниетті. Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында сервистік орталықтар құру жоспарлануда. Тиісті келісімге қол қойылды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, Франция Қазақстанның негізгі экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады.
«2022 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 12% – ға өсті. Бүгінде Қазақстанда 170-тен астам француз компаниясы табысты жұмыс істеуде. Француз өнеркәсібі Total Energies, Orano, Airbus, Vicat, Air Liquide, Alstom, Saint-Gobain және т.б. сияқты ірі атаулармен ұсынылған. Олардың барлығы Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосуда. Францияның Қазақстандағы Сауда өкілдігін құру біздің ынтымақтастығымызды арттыруға ықпал етуі мүмкін деп санаймын, біз оның тезірек құрылғанына қуаныштымыз. Мен сондай-ақ француз компанияларын еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеуге шақырғым келеді. Мен барлық қатысушыларды Қазақстан қауіпсіз және тұрақты инвестициялық ортаға кепілдік беретініне сендіргім келеді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қазақстан көшбасшысы энергетика, көлік және логистика, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық перспективаларына тоқталды.
М. Пішембаевтың «24 kz» республикалық телеарнасына берген сұхбатында «Renault Group компаниясымен Қазақстанда литий батареяларын өндіру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өткендей, компания үлкен қызығушылық танытуда. Бұл мәселелер талқылануда, сондай-ақ Schneider Electric сияқты компаниялар да электрмен үздіксіз қамтамасыз етудің, ірі өнеркәсіптік нысандарда қауіпсіздікті сақтаудың көшбасшылары болып табылады» атап өтті.