Индустриялық сертификат туралы
2022 жылғы 21-24 шілде аралығында Қазақстанның машина жасаушылар Одағы Шымкент қаласындағы «Қазэнерго» ЖШС және «АйСервисПлюс» ЖШС екі ұйымында отандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілер тізіліміне енгізуге үміткер, машина жасау саласында өндірістік қызметті жүзеге асыратын өндірістің жай-күйін талдау тұрғысынан кәсіпорындарға сараптама жүргізді.
Жұмыс Қазақстан машина жасаушылар одағының жарғылық қызметіне сәйкес жүргізілді.
«Қазэнерго» ЖШС кабель-өткізгіш өнімдерін өндірумен, ал «Айсервис Плюс» ЖШС электротехникалық жабдықтар мен құрылғылар өндірумен айналысады.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде Лдаққа ТЖҚ ОТП тізіліміне енгізу бойынша 319 өтініш келіп түсті. Оның ішінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісінің жай-күйін талдаудың 263 қорытындысы берілді және 235 кәсіпорын Индустриялық сертификат алды.
Индустриялық сертификатты алу жөніндегі ақпаратпен https://smkz.kz/sxema-polucheniya-industrialnogo-sertifikata/ сілтеме арқылы таныса аласыз.
Отандық тауар өндірушілердің назарына:
2022 жылғы 10 маусымда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу стандартына жеңіл, жиһаз, машина жасау және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының Индустриялық сертификат негізінде тауарларды Қордың тауар өндірушілері тізіліміне (ҚТӨ) енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді. Аталмыш норма 2022 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.