Одақта Өңірлік өкілдермен 23-отырыс өтті
2021 жылғы 10 Маусымда Одақтың Өңірлік өкілдерімен 23-отырыс өтті. Модератор – Е.К. Мақанов, Одақ Басқармасы Төрағасының орынбасары.
Күн тәртібінде ҚР Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасының жобасы талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, Жол картасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы №115-ө өкімімен бекітілген болатын.
Е.к. Мақанов іске асырылған іс-шаралар мен өзектендіруді талап ететін іс-шаралар туралы атап өтті.
Отырысқа қатысушылар ҚР машина жасау саласын дамыту жөніндегі Жол картасын өзектендіру, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттілігі туралы пікірлер мен ұсыныстармен алмасты.
“Локомотив құрастыру зауыты” АҚ өкілі құжатқа бірқатар жаңа қолдау шараларын, соның ішінде локомотивтерге кәдеге жарату алымын енгізуді, сондай-ақ локомотивтерді жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қосуды ұсынды.
Қазақстан машина жасаушылар одағы қатысушыларға жағымды жұмыс атмосферасы үшін алғыс білдіреді.