Қазақстандық машина жасаушылар 2020 жылдың қорытындысын жариялады
Қазақстан машина жасаушылар Одағында (ҚМЖО) еліміздің машина жасау саласының ағымдағы жағдайы туралы деректер жарияланды.
COVID-19 пандемиясы Қазақстан экономикасының көптеген салаларына теріс әсер етті. Алайда, барлық сын-қатерлерге қарамастан, қазақстандық машина жасау негізгі секторлар көрсеткіштерінің оң серпінін көрсетуде.
Машина жасаушылар Одағы сарапшыларының деректері бойынша машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңінде 1 807,4 млрд.теңгені құрады. Бұл ретте машина жасау үлесі өңдеу өнеркәсібінде 14% – ды және Қазақстанның барлық өнеркәсібінде 7% – ды құрады.
ҚМЖО отандық машина жасау қазіргі заманғы шындықта серпінді дамуын жалғастыруда деп атап өтті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша отандық машина жасау өндірісінің өсуі 16,3% – ды құрады.
1-кесте-2019-2020 жылдардағы қаңтар-желтоқсандағы машина жасау секторлары бойынша өндіріс көлемінің серпіні, млн. теңге.
Сала секторы | қаңтар-желтоқсан 2019 | қаңтар-желтоқсан 2020 | ИФО қаңтар-желтоқсан 2019ж./2020ж., % |
Машина жасау | 1 371 956 | 1 807 421 | 116,3 |
Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру | 359 532 | 612 809 | 152,5 |
Өзге де көлік құралдарын өндіру | 126 238 | 205 759 | 138,5 |
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру | 185 117 | 207 191 | 107,4 |
Электр жабдықтарын өндіру | 148 440 | 174 527 | 100,8 |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату | 514 174 | 569 868 | 96,3 |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі | 38 454 | 37 267 | 89,9 |
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Машина жасау өнімдерінің экспорты карантиндік шектеулерге қарамастан, 2020 жылғы қаңтар-қарашада 2,8% – ға артып, шамамен 984 млн. АҚШ долларын құрады.
Саланың инвестициялық көрсеткіштері өсуде. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңінде инвестициялар көлемі 74,3 млрд.теңгені құрады, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 48% – ға жоғары (50,2 млрд. теңге).
Машина жасаушылар Одағында салаға оң әсер еткен басты факторлардың бірі машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасының іс-шараларын іске асыру болып табылады деп санайды.
Құжатты іске асыру шеңберінде Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды, “Өнеркәсіптік саясат туралы” ҚР Заңының жобасы әзірленіп ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.
Сонымен қатар, Машина жасаушылар 2020 жылдың соңында металл өнімдері бағасының күрт өсуіне байланысты “алаңдатарлық симптом” пайда болғанын атап өтті. Бағаның өсуі 2021 жылдың қаңтарында әлі де жалғасуда. Машина жасаушылар Одағында егер бұл үрдіс жалғаса берсе, жағдай отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне, машина жасау өнімін өндіру мен өткізу көлемдеріне теріс әсер етуі мүмкін деп санайды.