Одақ нөлдік ставка бойынша ҚҚС төлеу мәселесін пысықтауда
2020 жылғы 13 шілдеде Қазақстанның машина жасаушылар Одағының бастамасымен “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы алаңында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, “KazService “Қазақстанның мұнай-сервистік компаниялар одағы” ЗТБ, мұнай-газ саласының операторлары мен машина жасау өнімдерінің отандық тауар өндірушілерінің қатысуымен онлайн-кеңес өткізілді.
Жиналысты модерациялаған – Одақ Басқармасы Төрағасының орынбасары Маканов Е. К.
Кеңеске қатысушылар салық кодексінің 393-бабының 1-тармағын тәжірибеде қолдануды талқылау үшін жиналды.
Бұл норма отандық тауар өндірушілерге өз тауарларын ҚР Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 28 ақпандағы № 71 бұйрығында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыларға ҚҚС-ның нөлдік ставкасы бойынша жеткізуге мүмкіндік береді.
“Бұл мәселе бойынша отандық өндірушілердің жер қойнауын пайдаланушыларға ҚҚС нөлдік ставкасымен шот-фактураларды қолдану және ұсыну тәжірибесіне қатысты көптеген мәселелер болды”, — деп түсіндірді Е.Маканов.
Талқылау барысында отандық тауар өндірушілер мен қауымдастық өкілдері осы норма бойынша негізгі мәселелерді атап өтті:
- импорттық өндірістің материалдары мен жинақтауыштары ғана емес, ішкі нарықта сатып алынған тауарлар бойынша ҚҚС қалай есептеледі;
- ҚР СК 393 бабының күші жер қойнауын пайдаланушыларға қосалқы мердігерлік ұйымдар арқылы өз өндірісінің тауарларын жеткізуге тарала ма;
- жер қойнауын пайдалану келісім-шартында, өнімді бөлу туралы келісімде (ӨБК) және т. б. айқындалған ҚҚС-нан босатылатын импортталатын тауарлардың тізбесі болмаған жағдайда тауарларды сату бойынша айналымдарға ҚҚС нөлдік ставкасы бойынша салық салынады ма?
Өз кезегінде, Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы – А.М. Жүрсіналин мен мамандандырылған басқарма басшысы – Ш. С. Құдабаев аталған мәселелер бойынша түсініктемелер берді. Талқылау барысында олар Энергетика министрлігінің бұйрығында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыларға ҚҚС нөлдік ставкасы бойынша өз өнімдерін жеткізуге отандық тауар өндірушілерді қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
“Атамекен” ҚР ҰКП Президиумының өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы В. Я. Бобров аталған кеңесті өткізудің маңыздылығын атап өтіп, Одаққа осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстары үшін алғыс айтты.
Тараптар отандық тауар өндірушілерге ҚҚС нөлдік ставкасы бойынша тауарларды жеткізуге мүмкіндік беретін ҚР Салық кодексінің 393-бабын тәжірибеде қолдану тетігін бірлесіп пысықтауды шешті.
Қазақстан машина жасаушылар Одағы сәтті жұмыс кездесуі үшін барлық қатысушыларына алғыс білдіреді.