Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 14% өскен
Өткен жылы отандық машина жасау саласындағы жалпы өндіріс көлемі алдыңғы жылғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 14 процентке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24». Осылайша, сектордың нарықтық құны алғаш рет 1 трлн 100 млрд теңгеге жетіп отыр. Биылғы көрсеткішті жыл соңында 1 трлн 300 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Қазақстан машина жасаушылар Одағының Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігімен бірлесіп жасаған Жол картасы 2019-2024 жылдарға арналған. Құжат жалпы өндіріс көлемін 2 есе өсіруді көздейді. Сондай-ақ несие мен лизингті азаматтарға төменгі пайызбен беруді қарастырады.
Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
– Бұл картаның ішінде өнеркәсіп саясаты заңын қабылдаймыз. Ол заңның ішінде біз жалпы бизнесті қолдау тәсілдерін, оның мүмкіншіліктерінің бәрі көрсетілетін болады. Содан кейін көптеген бағдарламаларда осы өндіріс саласын қолдау жағдайлары бар. Соның бәрін біріктіріп, бір құжат жасап, бір заң жасап, жалпы бизнесті дамытуға үлкен үлес қосады деп ойлаймыз.
Дереккөз: https://24.kz