«КЕЛЕТ» АҚ газ қазандарының өндірісі бойынша автоматты желісінің ашылуы

2018 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті республиканың әлеуметтік жаңғыруына бағытталған бес бастама көтерді. Олардың бірі – елді газдандыру мәселесі.

  • Бүгінде елдің газдандыру деңгейі шамамен 50% құрайды. Тоғыз облыс газдандырылған, негізінен батыс және оңтүстік өңірлер. Дегенмен, орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан халқының газдандыру деңгейі 2013 жылы 30%-дан 2018 жылы 48%-ға дейін өсті және бүгінгі күні Қазақстанның 11 облысындағы 8 млн. астам адам көгілдір отынды пайдалану мүмкіндігіне ие.

«Казахстанская правда»

«5» қараша 2018 жыл

 

Республиканы әлеуметтік жаңғыртуға, атап айтқанда, елімізді газдандыруға белсене қатысу үшін,

2019 жылдың 8 мамырында «КЕЛЕТ» АҚ Қазақстандық газ қазандарының өндірісі бойынша роботтандырылған желінің іске қосылу презентациясын өткізеді.

«КЕЛЕТ» АҚ компаниясы еліміздегі газ және электр қазандарының жетекші өндірушісі және жеткізушісі болып табылады. Жаңа автоматтандырылған желіні іске қосу өндіріс көлемін жылына 30 000 газ қазанына дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«КЕЛЕТ» АҚ құрған өндіріс жоғары технологиялық озық құрылғылармен жабдықталуы жағынан Қазақстан Республикасы аумағындағы теңдессіз өндіріс болып табылады. Мұның бәрі мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдауының арқасында ғана мүмкін болып отыр.

Газ қазандарын өндіруде «КЕЛЕТ» АҚ қысқа мерзім ішінде жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін инновациялық өндірістік құрылғыларды пайдаланады. Олар:

  • «Байтранс» көліктік жүйесімен металды кесуге арналған бағдарламалық басқару және автоматты түрде бүктеу функциялары бар лазерлік қондырғы
  • «Bystronic» фирмасының бағдарламалық басқаруы бар жиекбүгуші баспақ
  • бойлық жапсарлау дәнекерлеу қондырғысы бар газ қазандары цилиндрлерінің өндірісі бойынша автоматтандырылған желі
  • құбыр кесуге арналған автоматтандырылған желі
  • бұрандабүрлеу станогы
  • «КУКА» фирмасының роботтандырылған дәнекерлеу кешені
  • бұйымдарды ұнтақты бояумен бояуға арналған заманауи роботтандырылған конвейерлік желі
  • қазандарды құрастыру конвейері.

Газ қазандарын жасау жөніндегі өндірістік процесстер Кеден одағының техникалық регламентіне сай келеді. Бұл Санкт-Петербург қ. Сертификаттау жөніндегі органымен берілген №ТС RU С-KZ.СП28.В.00588 сәйкестік сертификатымен расталған.

«КЕЛЕТ» АҚ арнайы зертханаларында әрбір қазан 8 атм. қысымда саңылаусыздыққа және беріктілікке сыналады, сондай-ақ, барлық қауіпсіздік датчиктерінің жұмысқа жарамдылығы мен іске қосылуы бойынша өрттік сынақтар жүргізіледі.

Газ қазаны өзінің аналогтарымен салыстырғанда бір қатар артықшылықтарға ие:

  • жоғары ПӘК 87-91%;
  • энерготәуелсіздік, қазанның жануы және жұмыс істеуі үшін электр энергиясының сыртқы көздері қажет емес;
  • белгіленген температураны автоматты түрде ұстап тұру;
  • пайдалану мерзімінің барлық кезеңінде газды үнемді тұтыну;
  • қызмет ету мерзімі 15 жыл.

КСГ-КЕЛЕТ қуаты 10, 12, 16, 20, 25 және 30 кВт болатын энерготәуелсіз едендік газ қазандары ашық және жабық типтегі автономды су жылыту жүйесі бар пәтерлерге, тұрғын үйлерге, әкімшілік және тұрмыстық ғимараттарға арналған.

Өнімдерді дайындау кезінде қазақстандық өндірістің материалдарын пайдалану арқылы, «КЕЛЕТ» АҚ Республиканың басқа да өндірушілеріне қолдау көрсетеді. 30 000 қазан өндірісі жылына 2 мың тонна қазақстандық металлды қажет етеді. Сонымен қатар, орауыш материалдарды, жиынтықтаушы бұйымдарды, электр энергиясы мен басқа да ресурстарды тұтыну қосымша жұмыс орындарын және Қазақстан Республикасының бюджетіне салықтардың төленуінің ұлғаюын қамтамасыз етеді.

Біздің газ қазандарын өндірудегі тәжірибемізді ескере отырып, «КЕЛЕТ» АҚ газ қазандары баға мен сапа арақатынасы бойынша тұтынушылардың барлық талаптарына сәйкес келеді деп толық сеніммен айта аламыз.

«КЕЛЕТ» АҚ баспасөз қызметі