Машина жасау саласында өзара әрекеттесу және ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Финляндияға іс-сапары барысында машина жасау саласында өзара әрекеттесу және ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойылды.
16 қазанда Қазақстанның Машина жасаушылар Одағы делегациясы Басқарма төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты М.К.Пішембаевтың басқаруымен Финляндияның Хельсинки қ. бизнес форумға қатысты. Бизнес сапар барысында Қазақстанның Машина жасаушылар Одағы Nokia компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы – Ристо Силасмамен кездесті, ол сонымен қатар Финляндия Федерациясының Салалық Технологиялар басқармасының төрағасы болып табылады.
Іс-шара барысында Финляндия Федерациясының Салалық Технологиялар басқармасының төрағасы Ристо Силасмамен Финляндия және Қазақстанның машина жасау саласын дамытуға бағытталған экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды.
Меморандум Финляндия мен Қазақстан Республикасының машина жасау саласындағы іскерлік ынтымақтастықты нығайту және екі жақты қатынастарды кеңейтуге бағытталған.
Берілген меморандум бизнестің жаңа ұзақ мерзімді өзара тиімді серіктестік қатынастарды орнатуға, сонымен қатар Финляндия және Қазақстанның машина жасау және аралас өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар мен кәсіпкерлермен бірігіп жүзеге асырылатын тиімділігі жоғары инновациялық жобаларды іске асыруға жағдай жасайтын болады.
Қайнар көз: Егемен Қазақстан