ОТАНДЫҚ МАШИНА ЖАСАУДЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

Постиндустриялық дәуірде үкімет қайталама сектордан бас тартады. Яғни, өнеркәсіп секторындағы өнімнің өндірісі, үшінші сектордың пайдасына – қызмет көрсету секторын таңдайды деген түсінік қалыптасқан. Қаншалықты оғаш естілгенімен, қазіргі таңда көптеген дамыған елдер, осыдан бірнеше ондаған жыл бұрын өндірістерді өз аумағына қайтара отырып, реиндустрияландыру рецепттерімен қарулануда. Дамушы елдердің экономикалық күн тәртібі ұқсас, олар екінші секторды көтеруге тырысады. Қазіргі заманғы өнеркәсіп – инновацияны ынталандыратын жаңа технологиялардың жалғыз тұтынушысы. Мықты өнеркәсіпсіз 4.0 Индустриясына жол жоқ. Бұл – төртінші индустриалды революцияны басымдық деп санайтын үкіметтің басты құралы. Ол күшті бағдарламашылардың корпусынсыз және инженерлік, ақпараттық қызметтердің жоғары үлесінсіз ойластырылмайтын машина жасауды дамытуға күш-жігерлерді параллель концентрациялайды. Біздің көршілеріміз Ресей, Өзбекстан және Беларусь былтырғы жылдың өзінде-ақ, осы саланы дамыту бойынша бағдарламалық құжаттар қабылдады. 

Отандық машина жасаушылар жаңа технологиялық құрылыс және экономи­каны күрделендіру бойынша стратегиялық тапсырмалардың ерекшеліктерін ескеретін өзіндік бағдарламалық құжат дайындап шығарды. Осы орайда Қазақстан машина жасаушыларының VI форумында таныс­тырылатын, жаңа индустрияларды да­мытудағы машина жасау саласының рөлі және жаңа бағдарламалық құжат туралы – Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы Мейрам Пшембаевпен сұхбаттасқан едік.

– Қазақстан машина жасаушылар одағының қызметі қандай тапсырмаларды орындауға бағытталған? Машина жасаудың маңыздылығы мен өзектілігі туралы айтып өтсеңіз.

– Әлемдік тәжірибеде машина жасау – жаңа алдыңғықатарлы инновациялық технологияларды енгізу үшін негізгі база болып саналады. Strategy & Global Innovation мәліметтеріне сәйкес, әлемнің жаһандық ірі компанияларының ҒЗТКЖ салымдары көлемі бойынша 19-дың 10-ы машина жасау саласына жатады. Германия, Жапония, Оңтүстік Корея сынды дамыған елдерде машина жасау саласының үлесі –ЖІӨ 30-40 пайызды құрайды. Бүгінде әлемнің бірнеше елінде машина жасаудың салалық қауымдастықтары жұмыс істейді. Мысалы, өзіне үш мыңнан астам қатысу­шыны қосатын, Еуропаның ірі өнеркәсіптік бірлестіктерінің бірі VDMA (Verband Deutscher Maschinen und Anlagenbaue. V) Германия машина жасаушылар одағы бар. Бұл одақ инвестициялық тауарлар шығаруға бағытталған. Орта бизнес кәсіпорында­рының мүдделерін саяси және қоғамдық мекемелерде қорғайды және осы бизнестің позициясын экономикалық және ғылыми орталардың өкілдеріне жеткізеді. Шетелде, салалық қауымдастықтардың мүдделері, бизнесті дамыту мәселелерімен шектел­мейді: ол ғылым да, білім де, кооперация және әлеуметтік жауапкершілік.

Біз еліміздегі машина жасау одағының инновация, білім, алдыңғықатарлы ғылыми ой интеграторы рөлін атқарып, қоғамның қарқынды дамуына пайда әкелгенін қалаймыз. Бүгінде Қазақстанның машина жасау одағы екі жүзден астам кәсіпорынды біріктіреді. Бұлардың бар­лығы нағыз отандық машина жасаушылар, өз ісінің кәсіпқойлары, тіпті кейбіреуінің көпжылдық тарихы бар екенін атап өткім келеді.

Одақтың мақсаты – отандық машина жасау саласына қолдау көрсету және дамыту, машина жасау кәсіпорындарын шоғырландыру. Одақтың Инвестиция және даму министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінде және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредитациясы бар. Машина жасаушылар одағына Қазақстан бойынша 14 өңірлік өкілдік қарайды.

– Отандық машина жасаудағы бүгінгі жағдайды қалай сипаттап берер едіңіз?

– 2018 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша, Қазақстанның машина жасау өнеркәсіптік өндірісі индексінің өсімі былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,2 пайызды құрады. Ақшаға шаққанда өндіріс көлемі 470 миллиард теңгеден асты. Салыстыру үшін айтсақ, Қазақстанның барлық өнер­кәсібі, жоғарыда көрсетілген кезеңде тек 5,2 пайызға ғана өсті. Бүгінде өсу қар­қыны бойынша отандық машина жасау өндірісі елімізде көшбасшы саналады.

Басқа жағынан, бізде әзірге импорт басым екенін атап өткен жөн. Қазақстанда жыл сайынғы машина жасау өнімдерін әкелу 11-12 миллиард долларды құрайды, оған қоса отандық машина жасаушылар нарықта осы көлемнің 25 пайызын ғана қам­тамасыз етеді. Бірақ барлық қиындық­тарға қарамастан, машина жасауды одан ары дамытуға үлкен күш салуымыз керек. Ол үшін нарық, шикізат, құзыреттіліктер мен мемлекеттік басымдылықтарының болуы маңызды.

– Жыл сайын, одақ Қазақстанның машина жасаушылары форумын өткізеді. Биылғы жылғы форумның ерекшелігі неде?

– 20-21 қыркүйек аралығында Астанадағы ЕХРО Конгресс орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы өз жұмысын бастайды. Форумды Қазақстан Үкіметі, «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен Инвестиция және даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырады. Форумның маңызды сәттерінің бірі 2019-2030 жылдардағы Қазақстан машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспар жобасын таныстыру болмақ. Бұл жоспар ортамерзімді перспективада саланы дамытудың стратегиялық көзі саналады.

Кешенді жоспар құрудың өзектілігі елге келесі технологиялық құрылысқа көшу үшін, экономиканың тұтас күрделілігін арттыру қажеттігіне негізделген. Бүгінгі күні Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіптің үш филиалы тек экономиканы қиындатуға жұмыс істейді. Ол – машина жасау, химия және фармацевтика. Осы ретте айта кетейік, Гарвард университетінің ғалым­дары, экономика неғұрлым күрделі болса, соғұрлым ел байырақ болатынын дәлел­деген. Сол себепті, ел экономикасының өркендеуіне әрбір отандасымыз өз үлесін қосса дейміз.

Қазақстандық машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары өнімдерді ішкі нарыққа жеткізетін кәсіпорындарға, сондай-ақ экспортқа бағытталған кәсіп­орындарға қолдау көрсетуді білдіреді. Инвестицияларды тарту, экспортты ынталандыру және жаңа жобаларды іске қосу жолымен қолданыстағы негізгі құралдарды жаңғырту өнеркәсіптің өсу нүктелерінің қатарына жатады.

Біздің көршілеріміз Ресей, Өзбекстан және Беларусь машина жасау бойынша бағдарламалық құжаттарды 2017 жылы қабылдады. Ресей үкіметі 2030 жылға дейін транспорттық машина жасауды дамыту стратегиясын бекітті. Бұл стратегия негі­зінен импортты алмастыру және машина жасаудың барлық секторын жүйелі дамыту саясатын көрсетеді. Ресей машина жасау өнімдерін өндіру көлемі шамамен 110 млрд долларды құрайды. Оның біраз үлесін әскери бағыттың өнімдері алып отыр. Сонымен қатар Ресейдегі машина жасау – өңдеу өнеркәсібінің ең ірі саласы саналады. Оның үлесі – 20,7 пайыз.

Беларусь үкіметі 2017-2020 жылдарға арналған машина жасау кешенін дамы­тудың мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Құжат тауарлардың экспорты мен әртарап­тандыруын, сонымен қатар сыртқы сауда теңгерімін қамтамасыз етеді және еңбек өнімділігін арттыру және қоршаған ортаны қорғау орталықтарының қалып­тасуына инвестициялар тартуды қарастырады. млрд. теңге Ақпарат:

Статистика комитеті

Көршілес Өзбекстан мемлекеті 2021 жылға дейін республиканың автомобиль өнеркәсібін дамыту бағдар­ламасын қабыл­дады. Бағдарламаға сәйкес, 2021 жылға дейін Өзбекстан автокөліктер өндірісін үш есе көбейтуді, импортты қысқартуды және 1,2 есе жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлауда. Осы елдердегі машина жасау­дағы сауда теңгерімінің теріс сальдосын ескере отырып, отандық тауар өндірушілер белгілі бір салаларын дамыту үшін әлеуетке ие және қысқа мерзімде оларды қолдауға жеткілікті қолдау көрсете алады. Отандық машина жасаудың болашағы жарқын боларына сенеміз. Еліміз отандық және экспорттық бағыттарда лайықты орын табу үшін отандық машина жасау­шылар жақсы жұмыс істеуі керек. Ол үшін бізде барлық алғышарттар мен мүмкіндіктер бар. Осы мүмкіндікті пайдаланып, оқырман­дарды Қазақстан машина жасаушылар форумына қатысуға шақырғым келеді. Сіздер бұл күні саланы дамыту жоспарымен танысып, отандық машина жасаудың соң­ғы жетістіктері жайлы біліп, жаңа іскерлік байланыстар орнатудың үлкен мүмкіндігіне ие боласыздар.

-Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Серік ӘЛІМЖАН